Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабы 3тармағының 2)тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Үржар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Үржар аудандық мәслихатының төрағасы | А. Омаров |
| Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі №27-532/VIII шешіміне қосымша |
Үржар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,73 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,92 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,51 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,34 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,50 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,004 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,86 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,3 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,31 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,08 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,05 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,27 |
15 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,22 |
16 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,35 |
17 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,54 |
18 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,63 |
19 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 3,16 |
20 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,57 |
21 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,43 |
22 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,32 |
23 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары |
1000 | 0,08 |