Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 – бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 27 желтоқсанындағы "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" № 347 бұйрығына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласы бойынша 2025 жылға шетелдіктер үшін туристік жарнаның ставкасы қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласы мәслихатының төрағасы | А. Бекжасаров |