"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Абай облысы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы мәслихатының төрағасы | Ш. Байбеков |
| Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 30/205-VIII шешіміне қосымша |
Абай облысы мәслихатының жойылған шешімдерінің тізбесі
1. Абай облысы мәслихатының "Абай облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/56-VII шешімі.
2. Абай облысы мәслихатының "Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/56-VII "Абай облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/22-VIIІ шешімі.
3. Абай облысы мәслихатының "Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/56-VII "Абай облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2024 жылғы 4 қарашадағы № 20/144-VIII шешімі.