Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімді бекіту туралы" Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 58 қаулысына (Абай облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 наурызда № 34-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Абай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізбесіне, жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген:
келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын, реттік нөмірлері 245-1, 393-1, 393-2, 393-3:
245-1 | "Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлеріне арналған ескерткіш" | монументалды өнер құрылысы | Абай облысы Бородулиха ауданы Подборное ауылдық округінің республикалық маңыздағы трассасынан Қамыщен орманшылығына бұрылатын оң жақ бұрылыста. |
393-1 | "Ұстаз бен шәкірт" | монументалды өнер құрылысы | Абай көшесі, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің ғимаратының алдында. |
393-2 | "Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған ескерткіш" | монументалды өнер құрылысы | Қабанбай батыр көшесі мен Шәкәрім даңғылының қиылысы |
393-3 | "1865 жылғы мұсылман зираты" | ансамбльдер мен кешендер | "Татарский край" ауданы |
313, 318, 319, 320, 321, 322, 323, 324, 327, 329-жолдар алып тасталсын.
2. "Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес күн күнтізбелік ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысының әкімі | Б. Уәли |