Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 1196/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
1. Карантинге жатқызылған өнімге карантиндік фитосанитариялық сараптама жүзеге асыру.
2. Карантинге жатқызылған өнімді фумигациялау және зарарсыздандыру, бюджет қаражаты есебінен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін аса қауіпті зиянды организмдердің (үйірлі шегіртке тектестер (азиялық, мароккалық және итальяндық прус)) ошақтарын оқшаулау және жою және (немесе) шұғыл шаралар жүргізу.
3. Пестицидтерді тіркеуге ұсынылатын тіркеу (ұсақ мөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу; ауыл шаруашылығы өнімдері мен топырақты пестицидтердің, нитраттардың және ауыр металл тұздарының қалдық мөлшеріне сынау; пестицидтердің әсер етуші заттарына сертификаттық сынақтар жүргізу; өсімдік өнімдері мен қоршаған орта объектілеріндегі пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау әдістерін әзірлеу және бейімдеу.