ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 01.09.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Ақмола облысына барған сапарының қорытындылары бойынша 2022 жылғы 2 маусымдағы № 11-09/09-141 хаттамалық тапсырмасын іске асыру аясында, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін Алматы қаласы мен Қостанай облысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ақпараттық жүйесі арқылы "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және оларға мемлекеттік нөмірлік белгісін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі пилоттық жобасы іске қосылсын.
2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру Алгоритмі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
________Ж. Мадиев |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
_________А. Сапаров |
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) электрондық нысандағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының фронт -офистері арқылы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл процесін айқындайды.
2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) биометриялық сәйкестендіру – физиологиялық белгілер негізінде тұлғаны сәйкестендіретін шаралар кешені;
3) көрсетілетін қызметті беруші – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы;
4) МТНБ - мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісі;
5) техникалық паспорт – ауыл шаруашылығы машиналарының жол қозғалысына қатысуына рұқсат берілгенін не машинаны жол қозғалысына рұқсатсыз қатысуға пайдалануға рұқсат етілгенін растайтын құжат;
6) 2.0 ХҚКО ИАЖ – халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
7) 2.0 ХҚКО ИАЖ МО АЖО - мемлекеттік органның автоматтандырылған жұмыс орны;
8) ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
3. Мемлекеттік корпорация деректерді қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету деңгейінде рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды, көрсетілетін қызметті алушыдан алынған мәліметтердің уақтылы берілуін және өзгертілмеуін қамтамасыз етеді. Дербес деректерді қорғау "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қамтамасыз етіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорация филиалының фронт-офисіне жүгінеді.
5. Фронт-офиске жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға құжаттар беру үшін электрондық кезек талонын алады.
6. 2.0 ХҚКО ИАЖ-дегі фронт-офис жұмыскері мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын сәйкестендіру;
2) ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексеру;
3) алымдарды және (немесе) мемлекеттік баждарды төлеу туралы мәліметтерді тексеру;
4) ұсынылған құжаттарды сканерлеу;
5) ЭЦҚ қойылған электрондық өтінішті қалыптастыру.
7. Көрсетілетін қызметті алушыны не оның өкілін биометриялық сәйкестендірудің теріс нәтижесі алынған жағдайда, фронт-офис жұмыскері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ұсынады.
8. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, фронт-офис жұмыскері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11702 болып тіркелген) бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
9. Қалыптастырылған электрондық өтініш және ұсынылған құжаттардың сканерленген көшірмелері ЭЦҚ куәландырылғаннан кейін онлайн режимде орындау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті беруші электрондық өтініш және қажетті құжаттар топтамасы келіп түскен сәттен бастап 2.0 ХҚКО ИАЖ МОАЖО-да мыналарды жүзеге асырады:
1) ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексеру;
2) көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің деректерін тексеру;
3) тіркеу әрекеттері жүзеге асырылып жатқан техникаға қатысты 2.0 ХҚКО ИАЖ немесе деректер мұрағатында МТНБ тексеру жүргізу;
4) ЭЦҚ пайдалана отырып, өтінімді бекіту/бас тарту туралы шешім қабылдау.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі оң болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 2.0 ХҚКО ИАЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу құжатының (телнұсқаның) және (немесе) берілген уақыты мен орнын көрсетіп, нөмірлік белгілердің дайындығы туралы SMS-хабарлама жібереді.
12. Көрсетілетін қызметті беруші техникалық паспорт пен МТНБ бойынша мәліметтерді 2.0 ХҚКО ИАЖ ақпараттық жүйесіне қолмен енгізеді.
13. Ұсынылған мәліметтерде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2.0 ХҚКО ИАЖ МО АЖО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын қолданыстағы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды қалыптастырады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге 2.0 ХҚКО ИАЖ МО АЖО-на қалыптастырылған құжаттар топтамасы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнін құрайды. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінім сағат 17-00-ден кейін келіп түскен жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің есебі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
15. Дайын құжаттар "Цифрлық құжаттар" сервисінде көрсетіледі.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін негіз болған құжаттар Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистерінде бір ай бойы сақталуға тиіс. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін мұрағат құжаттарын фронт-офистерден әкетуді көрсетілетін қызметті беруші дербес жүзеге асырады.
17. Мұрағаттық құжаттарды тапсыру көрсетілетін қызметті беруші мен фронт-офисінің басшысы не оны алмастыратын адамның қолдары қойылған екі данада жасалған қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырылады.