Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 тамыздағы № 247 бұйрығы

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 15 тамыздағы
№ 247 бұйрығымен бекітілген

Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесі

Балық аулау құралдарының атауы

Балық аулау тәсілі

Қолдану мерзімі

1-тарау. Балық аулаудың кәсіпшілік құралдары

1.

Желбезекті құрма аулар

Аулау тәсілі қазықтың, зәкірдің көмегімен торлы қабырға түріндегі аулау құралын балық қозғалысының жолына орнатылады. Торлы қабырғалардан өтпекші болған балықтар торлы ұяшықтарда тұрып қалады (ұяшықталу).

шектеусіз

2.

Желбезекті ығызба аулар

Балық аулау тәсілі жұмыс жағдайында өзен ағысы бойымен қалқып және жолда кездесетін балықты аулауға (ұяшықталу) негізделген.

шектеусіз

3.

Дрифтерлі ау

Балық аулау тәсілі жұмыс жағдайында аулар әлсіз ағыс немесе жел қозғалысы бар су айдынында қалқып, оларға жақындаған балықты аулаумен сипатталады.

шектеусіз

4.

Қоршайтын ау

Балық аулау балықтың торлы қабырғамен толық немесе жартылай қоршалуына негізделген.

шектеусіз

5.

Жібінің диаметрі 0,2 миллиметрден кем және ұяшықтарының мөлшері 100 миллиметрден кем (ұяшықтың конструктивтік аралығы 50 миллиметрден кем) синтетикалық нейлондық немесе басқа да полиамидті моножіптен және басқа да синтетикалық моножіптен машина тәсілімен немесе қолдан жасалған балық аулайтын, түйінді қоспағанда, кез келген модификациядағы балық аулайтын аулар

Балық аулау тәсілі торлы қабырға түріндегі аулау құралын балықтардың қозғалу жолдарына орнатылады. Торлы қабырғалардан өтпекші болған балықтар торлы ұяшықтарда тұрып қалады.

2027 жылғы 1 қыркүйекке дейін

6.

Тралдар

Балық аулау кеменің артындағы балық аулау құралын (трал) сүйрету арқылы жолда кездесетін балықты ұстауға негізделген.

шектеусіз

7.

Тастама жылымдар

Балық аулау тәсілі су айдынының бір бөлігіне торлы кенепті лақтыра отырып балық аулау болып табылады, кейін аулау құралы жағалауға немесе кеме бортына тартылады.

шектеусіз

8.

Су түбі жылымы

Балық аулау тәсілі су айдынының түбінде тор қапты сүйреуге негізделген. Іріктеу кеменің бортында жүзеге асырылады.

шектеусіз

9.

Қоршайтын жылым

Бұл тәсіл су айдындарының акваториясының ашық бөлігін балықпен бірге су бетінен түбіне дейін торлы қабырғамен қоршауға негізделген. Процесс екі кемеден жүзеге асырылады. Тағы бір атауы – "аралық жылым".

шектеусіз

10.

Қалталы жылым

Негізгі айырмашылығы – балық шоғырын қоршап алғаннан кейін торлы кенепті тартып алатын жылымның төменгі бөлігіндегі байлау кабелі. Ол негізінен үйірімен жүретін балық түрлерін аулау үшін қолданылады.

шектеусіз

11.

Сүзекі, сүйретпе

Балық аулау тәсілі және іс-әрекет етупринципітастама жылыммен бірдей. Негізгі айырмашылығы шағын өлшемде (100 метрге дейін) және су айдынының жағасына қолмен тартуында. Негізінен аумағы шағын, терең емес су айдындарында қолданылады.

шектеусіз

12.

Борттық қапсырма, конустық аулар

Балық аулау тәсілі балық аулау құралын кеменің бортынан балықтар шоғырған жердегі судың астына түсіруге негізделген. Балық аулау принципі балықты тарту үшін жарық көздерін пайдалануға негізделген.

шектеусіз

13.

Құрма жылымдар, вентерлер

Балық аулау тәсілі балықтың кері шығуын қиындататын тар кіру түзілімдері бар ау құралдарына өздігінен кіруіне негізделген.
Тұзақтар екі топқа бөлінеді. Біріншісі – құрма жылымдар, жоғары жағы ашық үлкен тұзақтар. Екінші топ вентерлер – жоғары жағы жабық ұсақ тұзақтар.

шектеусіз

14.

"Гигант" типті құрма жылым

Жоғарғы жағы ашық тұзақ түрі. Балық аулау тәсілі белгілі бір акваторияда көпбұрыш түріндегі торлы кенепті стационарлық орнатуға негізделген. Аулауды шоғырландыру үшін бұрыштар алынбалы кутцтермен жарақталған.

шектеусіз

15.

Шаян аулағыштар

Тәсіл кері шығуы тарылту арқылы қиын болатын бір немесе бірнеше өзара бөлшектенген торлы камераларға жемге түсетін шаяндарды жинауға және ұстауға негізделген.

шектеусіз

16.

Жайынды аулауға арналған арнайы құрал

Бір жағынан жүктің (зәкірдің) көмегімен түпке бекітілген сымнан немесе лескадан тұратын ілмекті қармақ, оның екінші ұшы су ағыны бойымен еркін қозғалатын жем ілінген ілмекпен аяқталады.

шектеусіз

17.

Кеме балық сорғы қондырғысы

Сору биіктігі 6 метрге дейін және белсенді әрекет ету радиусы 0,35 метрге дейін орталықтанған сорғысы бар балық сорғы қондырғылары жарыққа тарту арқылы (килька, майшабақ) балықтар үйірін аулау үшін қолданылады. Жарықпен тартылған балық сорғы қондырғысының гидродинамикалық өріс аймағына түседі және кеменің бортына сорылады.

шектеусіз

18.

Эрлифтерлі кеме қондырғысы

Кеме түріндегі балық сорғы қондырғысы ауаны қолданумен және балықты көтеру үшін газ-ауа қоспасын жасаумен ерекшеленеді.

шектеусіз

2-тарау. Балық аулаудың кәсіпшілік емес құралдары

19.

Қалқымалы қармақ

Ілмекті аулау құралы. Негізінен ашық суда қолданылады. Балық аулау тәсілі ілмекке ілінген жеммен балықты тартуға негізделген. Балық аулау қалқыма арқылы бақыланады, бұл балықтың қалқыманы жұтқанын білдіреді де, содан кейін балықты шығару керек.

шектеусіз

20.

Шыбындық қармақ

Шыбындықпен аулау тәсілі су бетінен шыбындар, инеліктер түрімен қоректенетін балықтар үшін қалқымалы жемдерді пайдалану. Ол кішігірім өзендерде, шұңқырларда және күшті ағысы бар таяз жерлерде, көбінесе таулы жерлерде қолданылады.

шектеусіз

21.

Түпті қармақ

Су түбінен аулайтын қармақ жылжымалы не стационарлық жүкпен, ілгектермен, сондай-ақ жемге арналған контейнермен жарақталған. Ол ашық судан, қыс кезінде мұз астынан балықтыкез келген қармақ түрімен қолданылады.

шектеусіз

22.

Тастама қармақ

Балық аулау тәсілі ілмекке ілінген жемді (кішкентай тірі балық, құрт, жүгері) қолдануға негізделген. Ең көп таралған балық аулау қармағы.

шектеусіз

23.

Иілмелі қармақ

Балық аулау тәсілі жұмсақ пластик немесе резеңке жолақтарынан жасалған "изеу" түріндегі балық қапқан кезде дыбыс беретін дыбыс бергішті қолдануға негізделген. Ол негізінен қыста мұздың астынан балық аулау кезінде қолданылады, бірақ ашық суда да қолдануға болады.

шектеусіз

24.

Шаян аулағыштар

Тәсіл кері шығуы тарылту арқылы қиын болатын бір немесе бірнеше өзара бөлшектенген торлы камераларға жемге түсетін шаяндарды жинауға және ұстауға негізделген.
Шаян аулау саны бір балық аулауға үш данадан аспауы керек.

шектеусіз

25.

Воблерлер

Спиннингпен балық аулауға арналған қатты күйдегі көлемді жем.

шектеусіз

26.

Жерлица

Катушка немесе мотовиладан, балық қапқан кезде дыбыс беретін дыбыс бергіштен және ілмектен тұратын, тірі жемге балық аулаудың стационарлық құралы. Ол жыртқыш балықтарды (шортан, көксерке, үлкен алабұға) қыста аулау үшін қолданылады. Тәсілі тірі жемді ілмекке орнату.

шектеусіз

27.

Дөңгелек

Бұл тәсіл аулау жағынан жерлицаға барабар, бірақ ашық суда қолданылады. Балық аулау өзегі бар мотовил-дөңгелектен, қармақ баудан және (немесе) жіптен, сымнан жасалған баудан және ілмектерден, іслмектерге орнатылған жемдерден тұратын қармақпен тірі жемге балық аулауға негізделген.

шектеусіз

28.

Блесна

Бұл бір немесе бірнеше ілгектер бекітілген пластина. Балық аулау тәсілібалықтың судағы мінез-құлқын имитациялау. Негізінен жыртқыш балықтарға бағытталған.

шектеусіз

29.

Мормышка

Дәнекерленген ілгегі бар шағын металл сүңгіру түріндегі жасанды жем.

шектеусіз

30.

Троллдар

Троллдар – бұл кеменің артына сүйретілген ілмекті балық аулау құралдары, онда балық аулаудың негізгі элементтері табиғи немесе жасанды жеммен (блесна) балық аулау ілмектері болып табылады.

шектеусіз

31.

Су астыңда аулауға арналған мылтық

Су астындағы аулау тәсілі балықты мылтықпен капрон сымымен байланыстырылған жебемен атуға негізделген. Жеке және селективті балық аулауға арналған. Пневматикалық, сығылған ауаның күші мен созылған резеңкенің күші бар.

шектеусіз

      Ескертпе:

      Балық аулау балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 28) тармақшасына сәйкес қабылданатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдар енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Об утверждении Перечня разрешенных к применению промысловых и непромысловых видов орудий и способов рыболовства

Приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 августа 2025 года № 247

      В соответствии с подпунктом 11) статьи 9-1 Закона Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Перечень разрешенных к применению промысловых и непромысловых видов орудий и способов рыболовства.

      2. Комитету рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление электронной копии настоящего приказа в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
А. Султанов

  Утвержден приказом
исполняющего обязанности
Министра сельского
хозяйства Республики Казахстан
от 15 августа 2025 года № 247

Перечень разрешенных к применению промысловых и непромысловых видов орудий и способов рыболовства

Наименование орудий рыболовства

Способ рыболовства

Срок действия

Глава 1. Промысловые орудия рыболовства

1.

Сеть ставная жаберная

Способ заключается в том, что орудие лова в виде сетной стенки с помощью кольев, якорей устанавливаются на пути движения рыбы. При попытке пройти сквозь сетное полотно, рыба запутывается (объячеивается) в сетных ячеях.

неограниченно

2.

Сеть сплавная жаберная

Способ лова основан на сплывании в рабочем положении по течению реки и улавливании (объячеивании) встречающейся рыбы.

неограниченно

3.

Сеть дрифтерная

Способ лова характеризуются тем, что в рабочем положении сети дрейфуют в водоеме со слабым течением или ветровым движением и улавливают рыбу, которая к ним подходит.

неограниченно

4.

Сеть обкидная

Лов основан на полном или частичном окружении рыбы сетной стенкой.

неограниченно

5.

Сети рыболовные любой модификации, за исключением сетей рыболовных, узловых, произведенных машинным или ручным способом из синтетических нейлоновых или прочих полиамидных мононитей и прочих синтетических мононитей с диаметром нитей менее 0,2 миллиметров и размерами ячеи менее 100 миллиметров (размер конструктивного шага ячеи менее 50 миллиметров).

Способ заключается в том, что орудие лова в виде сетной стенки выставляется на пути движения рыбы. При попытке пройти сквозь сетное полотно, рыба запутывается в нем, застревая в сетных ячеях.

До 1 сентября 2027 года

6.

Тралы

Лов рыбы основан на буксировании орудия лова (трала) за судном и захватывании встречающейся на пути рыбы.

неограниченно

7.

Невода закидные

Способ лова заключается в обметывании сетным полотном части водоема вместе с рыбой, после чего орудие лова вытягивается на берег или на борт судна.

неограниченно

8.

Донный невод

Способ лова основан на буксировании сетного мешка по дну водоема. Выборка осуществляется на борт судна

неограниченно

9.

Обкидной невод

Способ основан на окружении открытой части акватории водоема сетной стенкой от поверхности до дна вместе с рыбой. Процесс осуществляется с двух судов. Другое название – "распорный невод"

неограниченно

10.

Кошельковый невод

Основное отличие – стяжной трос на нижнем подборе невода, которой утягивают сетное полотно после окружения рыбных скоплений. Используется в основном для лова стайных видов рыб.

неограниченно

11.

Бредень, волокуша

Способ лова рыбы и принцип действия идентичен закидному неводу. Принципиальное отличие в небольших размерах (до 100 метров) и ручном вытягивании на берег водоема. Используется в основном на неглубоких водоемах с малой площадью.

неограниченно

12.

Бортовые подхваты, конусные сети

Способ лова основан на подведении орудия лова с борта судна под рыбные скопления. Принцип лова основан на использовании источников света для привлечения рыбы.

неограниченно

13.

Ставные невода, вентеря

Лов рыбы основан на самопроизвольном заходе в сетные устройства с узкими входными образованиями, затрудняющими ее обратный выход.
Ловушки делятся на две группы. Первая – ставные невода – открытые сверху крупные ловушки. Вторая группа вентери – закрытые сверху мелкие ловушки.

неограниченно

14.

Ставной невод типа "Гигант"

Вид ловушки, с открытым верхом. Способ лова основан на стационарной установке сетного полотна в виде многоугольника на определенной акватории. Оснащен съемными кутцами по углам для концентрации уловов.

неограниченно

15.

Раколовки

Способ основан на сборе и удержании раков, заходящих на приманку в одну или несколько сочлененных между собой сетных камер (бочек), выход из которых затруднен путем сужения в обратном направлении.

неограниченно

16.

Специализированное орудие для лова сома

Ставная крючковая снасть, состоящая из шнура или лески, прикрепленного к грунту при помощи груза (якоря) с одной стороны, другой конец которой заканчивается крючком с насаженной приманкой, свободно перемещающейся по течению воды.

неограниченно

17.

Судовая рыбонасосная установка

Рыбонасосные установки с центробежным насосом с высотой всасывания до 6 метров и радиусом активного действия до 0,35 метров применяются для лова стайных рыб путем привлечения на свет (килька, сельдь). Привлеченная светом рыба попадает в зону гидродинамического поля рыбонасосной установки и засасывается на борт судна.

неограниченно

18.

Эрлифтерная судовая установка

Рыбонасосная установка судового типа отличается использованием воздуха и создание газовоздушной смеси для подъема рыб.

неограниченно

Глава 2. Непромысловые орудия рыболовства

19.

Удочка поплавочная

Крючковое орудие лова. Используется в основном по открытой воде. Способ лова основан на привлечении рыб наживкой, насаженной на крючок. Лов контролируется посредством поплавка, сигнализирующей о том, что рыба заглотила насадку, после чего необходимо подсечь рыбу.

неограниченно

20.

Удочка нахлыстовая

Способ лова нахлыстом заключается в использовании плавающих приманок для рыб питающихся с поверхности воды в виде мушек, стрекоз. Применяется на небольших реках, перекатах и отмелях с сильным течением, зачастую в горной местности.

неограниченно

21.

Удочка донная

Донная удочка оснащена скользящим либо стационарным грузом, крючками, а также контейнером для прикормки. Используется с любым типом удилищ, как по открытой воде, так и в зимний период со льда.

неограниченно

22.

Удочка закидная

Способ лова основан на использовании приманок насаживаемой на крючки (живец, черви, опарыши, кукуруза). Является наиболее распространенной удочкой.

неограниченно

23.

Удочка кивковая

Способ лова основан на использовании сигнализатора клева, в виде "кивка" изготовленного из мягкой полоски пластика или резины. Используется в основном при зимнем лове со льда, но применяются и по открытой воде.

неограниченно

24.

Раколовки

Способ основан на сборе и удержании раков, заходящих на приманку в одну или несколько сочлененных между собой сетных камер (бочек), выход из которых затруднен путем сужения в обратном направлении.
Количество раколовок не должно превышать трех штук на одного рыболова.

неограниченно

25.

Воблеры

Твердотелая объемная приманка для ловли рыбы спиннингом

неограниченно

26.

Жерлицы

Стационарное орудие лова рыбы на живца, состоящей из катушки или мотовила, сигнализатора поклевки и крючка. Используется для зимнего лова хищных рыб (щука, судак, крупный окунь). Способ заключается в установке крючка с живцом.

неограниченно

27.

Кружки

Способ идентичен с ловом на жерлицу, но используется по открытой воде. Лов основан на ловле рыбы на живца, состоящих из мотовила-кружка со стрежнем, лески и (или) шнура, поводков и крючков, наживок на крючках.

неограниченно

28.

Блесна

Представляет собой пластинку, к которой присоединен один или несколько крючков. Способ лова заключается в имитации поведения рыбы в воде. Ориентирована в основном на хищную рыбу.

неограниченно

29.

Мормышка

Искусственная наживка в виде небольшого металлического грузила с напаянным крючком.

неограниченно

30.

Троллы

Троллы представляют собой крючковые орудия лова, буксируемые за судном, в которых основными элементами, залавливающими рыбу, являются рыболовные крючки с естественной или искусственной наживкой (блесна).

неограниченно

31.

Ружье для подводной охоты

Способ подводной охоты основан на поражении рыб стрелой, связанной с ружьем капроновым шнуром. Предназначен для поштучного и избирательного лова рыб. Различают пневматические, использующие силу сжатого воздуха и силу растянутой резины.

неограниченно

      Примечание:

      Рыболовство осуществляется на основании решения уполномоченного органа в области рыбного хозяйства о введении ограничений и запретов на пользование рыбными ресурсами и другими водными животными, их частями и дериватами, установлении мест и сроков их пользования, принимаемого в соответствии с подпунктом 28) статьи 9-1 Закона Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира".