Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 114-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
аталған бұйрықпен бекітілген, Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) " Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратудың қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) беру тәртібін айқындайды.";
3-тармақта 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) осы тармақтың 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен мәліметтерді беру мүмкіндігі болмаған жағдайда электрондық жеткізгіштерде (электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ оны техникалық құралдар көмегімен жазуға немесе тыңдатып-көрсетуге арналған материалдық жеткізгіш);
5) осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен мәліметтер беру мүмкін болмаған жағдайда, қағаз жеткізгіште.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Агенттікке осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінен мәліметтерді ұсыну тәсілдерін іске асыру Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 179/НҚ бұйрығымен бекітілген, Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтай отырып қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қол жеткізу шектелген ақпараттық ресурстардан мәліметтерді Агенттікке Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тәсілмен береді.".
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Жедел талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |