Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шымкент қаласында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2026 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
2) осы қаулыны алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |
| Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ №___ қаулысына қосымша |
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2026 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Белгіленетін квотаның мөлшері (%) | Оның ішінде жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың саны | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны |
Барлығы | 10 946 | 2-4% | 233 | 165 | |
1 | Шымкент қаласының білім басқармасының "М. Горький атындағы № 12 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 155 | 3% | 3 | 2 |
2 | Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 51 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 133 | 3% | 3 | 1 |
3 | Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 59 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 218 | 3% | 4 | 3 |
4 | Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 83 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 332 | 4% | 12 | 1 |
5 | Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 119 Маятас жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 84 | 2% | 1 | 1 |
6 | Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі ЖШС | 170 | 3% | 2 | 3 |
7 | Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті | 792 | 4% | 26 | 6 |
8 | Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының "№ 7 үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 167 | 3% | 4 | 1 |
9 | Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық перзентхана" мемлекеттік комму,налдық кәсіпорны | 398 | 4% | 8 | 8 |
10 | Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 1867 | 4% | 61 | 14 |
11 | "Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамының Шымкент қалалық филиалы | 404 | 4% | 8 | 8 |
12 | "ForteBank" акционерлік қоғамының Шымкент қалалық филиалы | 196 | 3% | 3 | 3 |
13 | "Home Credit Bank" акционерлік қоғамының Шымкент қаласындағы филиалы | 223 | 3% | 1 | 6 |
14 | "СТЕЛЛ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шымкент қаласындағы филиалы | 249 | 3% | 3 | 4 |
15 | "Қазпошта" акционерлік қоғамы "Шымкент поштамты" филиалы | 275 | 4% | 2 | 9 |
16 | "ФИРКАН" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi | 1676 | 4% | 50 | 17 |
17 | "Бал Қазына" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 220 | 3% | 0 | 7 |
18 | "ATAMIRAS.S" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 150 | 3% | 3 | 2 |
19 | "Клиника Хадиша" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 467 | 4% | 4 | 15 |
20 | "Водомер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 68 | 2% | 0 | 1 |
21 | "Корпорация "Береке-А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 400 | 4% | 12 | 4 |
22 | "Сити-Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 245 | 3% | 5 | 2 |
23 | "Aizhamal Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 2% | 0 | 2 |
24 | "КазМедПром" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 108 | 3% | 1 | 2 |
25 | "Pioneer Grain Products" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 193 | 3% | 3 | 3 |
26 | "KAMEYA" PharmGroup" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 145 | 3% | 0 | 3 |
27 | "Оңтүстік-Құрылыс-сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 131 | 3% | 2 | 2 |
28 | "OKS-EDUCATION" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 102 | 2% | 0 | 3 |
29 | "Бек-тас-7" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 2% | 0 | 1 |
30 | "Стандарт Ресурсис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 105 | 3% | 0 | 3 |
31 | "Gramad Retail" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 400 | 4% | 6 | 10 |
32 | Жеке кәсіпкер "Джумалиева А" | 100 | 2% | 0 | 2 |
33 | "Sinooil" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шымкент филиалы | 323 | 4% | 5 | 8 |
34 | "KMF" акционерлік қоғамының Шымкент қаласындағы филиалы | 300 | 4% | 4 | 8 |