"Су ресурстары-Маркетинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне қоғамдық сервитут белгілеу туралы

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 6632 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № Б-67-Ө бұйрығымен Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы бекіткен жерге орналастыру жобасы, заңды тұлғаның 2025 жылғы 20 қарашадағы ЗТ-2025-04096605 санды өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Су ресурстары-Маркетинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Шымкент қаласы, Қаратау ауданы мекенжайында орналасқан су құбырын орнату мен пайдалану үшін алаңы 33,4088 га жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 21 қазанына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін.

      "Су ресурстары-Маркетинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 2298526 (екі миллион екі жүз тоқсан сегіз мың бес жүз жиырма алты) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

      14. "Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      15. Осы қаулының орындалуын жетекшілік ететін қала әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      16. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

Об установлении публичного сервитута на земельный участок товарищества с ограниченной ответственностью "Водные ресурсы-Маркетинг"

Постановление акимата города Шымкент от 2 декабря 2025 года № 6632

      В соответствии с Земельным Кодексом Республики Казахстан, Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказа об утверждении землеустроительного проекта Управлением земельных отношений города Шымкент за № Б-67-Ө от 23 сентября 2025 года, заявления акимат города Шымкент за № ЗТ-2025-04096605 от 20 ноября 2025 года ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить сервитут сроком до 21 ноября 2030 года товариществу с ограниченной ответственностью "Водные ресурсы-Маркетинг" на земельный участок, расположенный по адресу город Шымкент, Каратауский район площадью 33,4088 га для прокладки и эксплуатации водопровода.

      Товарищество с ограниченной ответственностью "Водные ресурсы-Маркетинг" должно в течение 10 рабочих дней перечислить сумму платы за сервитут в размере 2298526 (два миллиона двести девяносто восемь тысяч пятьсот двадцать шесть) тенге за 2025-2026 годы на счет 201910 Управления государственных доходов по городу Шымкент в соответствии с годовыми изменениями.

      14. Государственному учреждению "Управление земельных отношений города Шымкент" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      15. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Шымкент.

      16. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Шымкент Г. Сыздыкбеков