Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның 2025 жылғы 13 қазандағы ЗТ-2025-03587437 санды өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамына Шымкент қаласы, Оңтүстік-шығыс аймағында орналасқан инженерлік-коммуникациялық желілерін орнату және пайдалану үшін алаңы 20,9816 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 24 қазанына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін.
"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамын 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 1443535 (бір миллион төрт жүз қырық үш мың бес жүз отыз бес) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
2. "Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын жетекшілік ететін қала әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |