БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығына мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында:
04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:
1 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін, бюджеттен тыс қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" кіші сыныбында:
69 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"69 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар";
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер" функционалдық тобында:
4 "Iргелi ғылыми зерттеулер" функционалдық кіші тобында:
223 "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"223 Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі";
9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер" функционалдық кіші тобында:
223 "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"223 Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі";
04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:
5 "Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру" функционалдық кіші тобында:
223 "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"223 Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі";
08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:
2 "Спорт" функционалдық кіші тобында:
650 "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
036 "Жоғары жетістіктер спортын дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 109 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
"109 Дене шынықтыру және спорт саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау жөніндегі көрсетілетін қызметтер";
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:
6 "Жер қатынастары" функционалдық кіші тобында:
223 "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"223 Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі";
12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:
9 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:
223 "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"223 Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі";
13 "Басқалар" функционалдық тобында:
9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:
223 "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"223 Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі";
227 "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 002 бюджеттік бағдарламасы және 100 және 101 кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:
"002 Қазақстан Республикасының инновациялық дамуын қамтамасыз ету
100 Ұлттық инновациялық жүйе институттарының қызметтеріне ақы төлеу
101 Инновациялық гранттар беру";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
410 "Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алу" кіші сыныбында:
"
413 | Көлік құралдарын сатып алу | Көлік құралдарын, оның ішінде лизинг шарты шеңберінде сатып алуға арналған шығындар. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы көлік құралдарын сатып алуға арналған шығындар көрсетіледі. |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
413 | Көлік құралдарын сатып алу |
Көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындар. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы жабдықтарды сатып алу жұмсалатын шығындар көрсетіледі. |
";
"
414 | Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу | Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын, оның ішінде лизинг шарты шеңберінде сатып алуға арналған шығындар. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар көрсетіледі. |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
414 | Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу |
Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы көлік құралдарды сатып алу жұмсалатын шығындар көрсетіледі. |
";
"
418 | Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Негізгі құралдарды, оның ішінде лизинг шарты шеңберінде және материалдық емес активтерді сатып алу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру. |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
418 | Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру |
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру. |
";
"
419 | Өзге де негізгі құралдарды сатып алу | 411, 412, 413 және 414 ерекшелiктер бойынша, оның ішінде лизинг шарты шеңберінде көрсетілмеген өзге де негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығындар. |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
419 | Өзге де негізгі құралдарды сатып алу |
411, 412, 413 және 414 ерекшеліктер бойынша көрсетілмеген өзге де негізгі құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындар. |
".
2. "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 152 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында:
04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:
1 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін, бюджеттен тыс қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" кіші сыныбында:
"
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 2 | 04 | 1 | 69 | 100 |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 2 | 04 | 1 | 69 | 100 |
".
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |