Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 10 қазандағы № 589 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тіліндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Д. Темірбеков

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 10 қазандағы
№ 589 бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 170 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарында:

      осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес көрсетілген Жоспарға қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Есеп саясатын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 191 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есеп саясатында:

      94 және 95-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Мемлекеттік мекеме айырбасталмайтын және айырбасталатын операциялардан кірістер алады.

      Айырбасталмайтын операциялардан түсетін кірістерге мыналар:

      ағымдағы қызметті қаржыландыру;

      күрделі салымдарды қаржыландыру;

      трансферттер мен субсидиялар;

      гранттар;

      салықтық түсімдер;

      демеушілік және қайырымдылық көмек;

      өзге де айырбасталмайтын операциялар жатады.

      Айырбасталатын операциялардан түсетін кірістерге мыналар:

      активтерді басқару операциялары;

      тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер жатады.

      Активті және кірістерді тану сәті салық операциясының нәтижесінде туындайды, өткен оқиға активті бақылау бойынша негіз болатын сәт болып табылады.

      Корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) бойынша кірістер сомасын бағалау үшін уәкілетті орган кірістерді жеке шоттардан алынатын тиісті мәліметтер негізінде есепті күнге КТС бойынша таниды.

      Қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша кірістер сомасын бағалау үшін есепке алуға есепті кезеңдегі салық төлеушілердің декларациялары бойынша ҚҚС-дан түсетін кірістерді есептеу фактісін тіркейтін жеке шоттардағы жазбалар болып табылады.

      Дәл осындай тәсіл салық кезеңі күнтізбелік ай немесе күнтізбелік тоқсан болып белгіленген салық түсімдерінің басқа да түрлеріне (акциздер, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, ойын бизнесі салығы) қолданылады.

      Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті деңгейінде салық түсімдері бойынша дербес шоттарды қалыптастыру болмаған жағдайда, салық түсімдері бойынша кірістерді көрсету үшін бюджетке ақша қаражаты түсімдерінің деректері пайдаланылады.

      95. Осы Есеп саясатының 94-тармағының 17-абзацын қоспағанда тиісті бюджетке салық түсімдері есептеу жүйесінде есептеледі және биржадан тыс операциялардан түсетін кірістер ретінде танылады.

      Салық активі салық оқиғасы туындаған және тану өлшемшарттары сақталған кезде танылады.

      Салық оқиғасынан бұрын алынған салықтар бойынша кірістер актив пен міндеттеме ретінде танылады (аванстық түсімдер), өйткені есеп беруші ұйымға салық түсімдерін алуға мүмкіндік беретін оқиға әлі пайда болған жоқ, ал салықтық кірістерді тану өлшемшарттары орындалмайды.

      Аванстық салық түсімдері басқа аванстардан айтарлықтай ерекшеленбейді. Міндеттеме салық оқиғасына дейін танылады. Салық оқиғасының басталуымен міндеттеме жойылады және кіріс танылады.

      Негізгі капиталды сатудан, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін кірістерді уәкілетті орган бюджетке қаражат түскен кезде кіріс ретінде таниды.

      Негізгі капиталды сатудан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, айыппұлдар мен өсімпұлдардан басқа салықтық емес түсімдер бухгалтерлік есепте Бухгалтерлік есеп қағидаларында көзделген тәртіппен тиісті ақпарат негізінде көрсетіледі.".

      3. "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларында:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне салықтық түсімдерді қоспағанда, салық төлеушілердің жеке шоттарының (бюджетке есептелген, азайтылған, түскен, қайтарылған сома) қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп бюджетке түсетін салықтық түсімдерді есепке алу бойынша бастапқы құжаттар болып табылады.

      Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының, акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің, сондай-ақ аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік немесе коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғалардағы қатысу үлестеріне кірістердің бір бөлігінің түсімдерін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттар тиісті салалардың уәкілетті органдары немесе жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты берген деректер болып табылады.

      "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ИААЖ) талдау орталығы кіші жүйесі "Мемлекеттік қаржы бойынша есептілікті және статистиканы қалыптастыру, бюджеттердің атқарылуын талдау, талдау материалдарын дайындау" талдау орталығы (бұдан әрі – ТО) алынған түсімдер бойынша есептер нысаны бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерді есептеу бойынша бастапқы құжаттар болып табылады.

      ИААЖ-дан алынған түсімдер бойынша есептердің нысандары облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне есептелген салықтық және салықтық емес түсімдерді көрсету бойынша бастапқы құжаттар болып табылады.";

      212-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "212. Еңбекақыны есептеу айына бір рет жүргізіледі және айдың соңғы күні есепте көрсетіледі.

      Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Бюджетті атқару қағидаларында белгіленген.

      Айдың бірінші жартысына Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ұстауға жататын соманы алып тастап қызметкерлерге еңбек ақысының елу пайызы мөлшерінде аванс беріледі.";

      325-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "325. Негізгі құралдар объектілерінің физикалық және моральді тозу салдарынан, зілзала апаттар мен авариялар нәтижесінде, Қарулы Күштерде, басқа әскерлерде және Қазақстан Республикасының әскери құрамаларында пайдаланылмайтын қару-жарақ, әскери техника, қорғаныс объектілері мен өзге әскери мүлікті алып тастағанда жарамсыздығын, оларға жөндеу жүргізудің тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ негізгі құралдарды есептен шығаруға қажет құжаттарды ресімдеу үшін мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тұрақты әрекет ететін комиссия құрылады. Комиссия құрамына міндетті түрде мыналар: мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде аппарат басшысының немесе мемлекеттік мекемелердің басшысы уәкілеттік берген әкімшілік лауазымды адам (комиссия төрағасы), бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штат кестесі бойынша бас бухгалтер лауазымы жоқ болған жағдайда, бухгалтерлік есепті жүргізу жүктелген тұлға) негізгі құралдардың сақталуына жауапкершілік артылған тұлғалар кіреді, негізгі құралдардың жеке түрлерін есептен шығарғанда комиссия құрамына сондай-ақ тиісті мамандар (сарапшылар), жол полициясының өкілі (автокөлік құралдарын есептен шығарғанда) кіреді. Тұрақты әрекет ететін комиссия техникалық құжаттаманы (төлқұжат, әр қабат сайынғы жоспарлар мен басқа құжаттар) тарта отырып, есептен шығаруға жататын объектіні тікелей тексеруді жүргізеді, сондай-ақ бухгалтерлік есептің деректерін қолданады және қалпына келтіруге және әрі қарай қолдануға жарамсыз екенін белгілейді.";

      406-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "406. Жалдау:

      егер ол жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін меншік құқығының ауысуына қарамастан, активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдер мен пайдаларды дерлік беруді білдіретін болса қаржылық жалдау;

      егер ол активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдер мен пайдаларды дерлік беруді білдірсе, операциялық жалдау ретінде жіктеледі.

      Жалдауды қаржылық немесе операциялық ретінде жіктеу көп жағдайда операцияның мазмұнына, шарттың талаптарына байланысты болады және жалдаудың басталған күніне жүргізіледі.

      Жалдау шартының басталуы – жалдау туралы шартты жасау немесе тараптардың негізгі жалдау шарттарына қатысты міндеттемелер қабылдауының неғұрлым ерте күні.

      Жеке немесе жиынтықта әдетте жалдауды қаржылық ретінде жіктеуге алып келетін жағдайларға мыналар жатады:

      жалдау шарты жалдау мерзімінің соңында активті иелену құқығын жалға алушыға беруді көздейді;

      жалға алушының жалдау қатынастары мерзімінің басында осы құқықты іске асыру күні әділ құннан айтарлықтай төмен бағаға осы активті сатып алуға құқығы бар, ал жалдауды қабылдаған күні бұл құқықтың жүзеге асырылатыны туралы негізделген сенім бар;

      жалдау мерзімі меншік құқығын беру болмаған кезде де, активтің экономикалық қызмет мерзімінің елеулі бөлігіне қолданылады;

      жалдау қарым-қатынастарының басталу күніне келтірілген ең төменгі жалдау төлемдерінің келтірілген құны іс жүзінде жалдау мәні болып табылатын активтің әділ құнына тең;

      жалға берілген активтердің маманданған сипаты бар, оларды жалдаушы ғана елеулі өзгертусіз пайдалана алады.

      Қаржы лизингі шарты Қағидалардың осы тармағының алты, жеті, сегіз, тоғыз, он және он бір абзацтарының төртінші бөлегінде көрсетілген мән-жайлар ескеріле отырып, қаржылық жалдау ретінде жіктеледі.";

      421-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "421. Мемлекеттік мекеменің сенімді бағаланатын, болашақ экономикалық пайда немесе сервистік әлеует алу ықтималдығы болса кіріс танылады.

      Мемлекеттік мекеме кірісті Есепке алу саясатының ережелеріне сәйкес есептеу әдісімен таниды.".

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 10 қазандағы
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
Мемлекеттік мекемелердің
бухгалтерлік есепке алу
шоттарының жоспарына
4-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есепке бухгалтерлік операциялар бойынша шоттар корреспонденциясы (бұдан әрі – Жиынтық есеп)*

Операциялардың мазмұны

Дебет

Кредит

1-бөлім. ҚҚС-ны қоспағанда бюджетке түсетін түсімдер бойынша операцияларды көрсету**

1.

Жиынтық есеп негізінде есепті жылдың басына салық түсімдері бойынша дебиторлық берешекке (бересі) түзету (Жиынтық есептің 4-бағаны)

1292 Бюджетке салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

5240 Бюджетке түсімдер бойынша алдыңғы жылдардың қаржылық нәтижесі

2.

Жиынтық есеп негізінде есепті жылдың басына салық түсімдері бойынша кредиторлық берешекке (артық төлем) түзету
(Жиынтық есептің 5-бағаны)

5240 Бюджетке түсімдер бойынша алдыңғы жылдардың қаржылық нәтижесі

3280 Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3.

Салықтарды есептеу
(Жиынтық есептің 6-бағаны минус (-) 7-бағаны)

1292 Салықтық түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

6081 Бюджетке салық түсімдерінен кірістер

4.

Бюджетке салықтардың түсуі
(Жиынтық есептің 8-бағаны)

1046 Республикалық бюджеттің ҚБШ

1292 Салықтық түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1047 Жергілікті бюджеттердің ҚБШ

1074 Өзге де ақша қаражаты

5.

Салықтарды қайтару (Жиынтық есептің 9-бағаны)

3280 Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек

1046 Республикалық бюджеттің ҚБШ

1047 Жергілікті бюджеттердің ҚБШ

6.

Салық міндеттемесін орындаудың өзгертілген мерзімі бойынша салықтар (төлемдер) бойынша операцияларды көрсету

(Жиынтық есептің теріс белгісі бар 10-бағаны)

1292 Салықтық түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

5240 Бюджетке түсімдер бойынша алдыңғы жылдардың қаржылық нәтижесі

(Жиынтық есептің оң белгісі бар 10-бағаны)

7451 Салық берешегі бойынша резерв құру бойынша шығыстар

1290 Күмәнді дебиторлық берешек бойынша резерв

Бұрын құрылған резерв болған кезде оны түзету жүзеге асырылады

1290 Күмәнді дебиторлық берешек бойынша резерв

5240 Бюджетке түсімдер бойынша алдыңғы жылдардың қаржылық нәтижесі

7.

Жиынтық есеп негізінде есепті кезеңнің соңында салықтық түсімдер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешекті түзету

3280 Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек

1292 Салықтық түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1292 Салықтық түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

3280 Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек

2-бөлім. ҚҚС бойынша бюджетке түсетін түсімдер бойынша операцияларды көрсету***

8.

Жиынтық есеп негізінде есепті жылдың басына салық түсімдері бойынша дебиторлық берешекке (бересі) түзету (Жиынтық есептің 4-бағаны)

1292 Бюджетке салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

5240 Бюджетке түсімдер бойынша алдыңғы жылдардың қаржылық нәтижесі

9.

Жиынтық есеп негізінде есепті жылдың басына салық түсімдері бойынша кредиторлық берешекке (артық төлем) түзету (Жиынтық есептің 5-бағаны)

5240 Бюджетке түсімдер бойынша алдыңғы жылдардың қаржылық нәтижесі

3282 ҚҚС төлеу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек

10.

Салықтарды есептеу
(Жиынтық есептің 7-бағаны 6-бағаны минус (-))

1292 Салықтық түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

6081 Бюджетке салық түсімдерінен кірістер

11.

Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын ҚҚС бойынша шығыстарды есептеу ("Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын сату бойынша айналымдар жасалған салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуімен негізделген қайтарылуға жататын сомалар бойынша есеп" жиынтық есебіне 2-қосымшаның 2-бағаны)

7260 Бюджетке түсімдерді азайту бойынша шығыстар

3282 ҚҚС төлеу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек

Бір мезгілде бұрын азайтылған кірістерді қалпына келтіруге түзету жазбасы жүзеге асырылады

1292 Салықтық түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

6081 Бюджетке салық түсімдерінен кірістер

12.

Бюджетке салықтардың түсуі
(Жиынтық есептің 8-бағаны)

1046 Республикалық бюджеттің ҚБШ

1292 Салықтық түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1047 Жергілікті бюджеттердің ҚБШ

13.

Салықтарды қайтару (Жиынтық есептің 9-бағаны)

3282 ҚҚС төлеу жөнінде қысқа мерзімді кредиторлық берешек

1046 Республикалық бюджеттің ҚБШ

1047 Жергілікті бюджеттердің ҚБШ

14.

Салық міндеттемесін орындаудың өзгертілген мерзімі бойынша салықтар (төлемдер) бойынша операцияларды көрсету

(Жиынтық есептің теріс белгісі бар 10-бағаны)

1292 Салықтық түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

5240 Бюджетке түсімдер бойынша алдыңғы жылдардың қаржылық нәтижесі

(Жиынтық есептің оң белгісі бар 10-бағаны)

7451 Салық берешегі бойынша резерв құру бойынша шығыстар

1290 Күмәнді дебиторлық берешек бойынша резерв

Бұрын құрылған резерв болған кезде оны түзету жүзеге асырылады

1290 Күмәнді дебиторлық берешек бойынша резерв

5240 Бюджетке түсімдер бойынша алдыңғы жылдардың қаржылық нәтижесі

15.

Жиынтық есеп негізінде есепті кезеңнің соңында салықтық түсімдер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешекті түзету

3280 Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек

1292 Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1292 Салықтық түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

3280 Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек

      Ескертпе:

      *Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 229 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларына 11-қосымша мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп.

      ** Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есептен шоттар корреспонденциясын көрсету кезінде "Банкроттардың, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған салық төлеушілердің жеке шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп" жиынтық есебіне 1-қосымшада көрсетілген сомалар алынып тасталады.

      *** Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есептен шоттар корреспонденциясын көрсету кезінде "Банкроттардың, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған салық төлеушілердің жеке шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп" жиынтық есебіне 1-қосымшада көрсетілген сомалар алынып тасталады.

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 10 октября 2025 года № 589

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнение.

      2. Департаменту методологии бухгалтерского учета, аудита и оценки Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление копии настоящего приказа на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра финансов
Республики Казахстан
Д. Темирбеков

  Утвержден приказом
Министра финансов
Республики Казахстан
10 октября 2025 года № 589

Перечень некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнение

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 апреля 2025 года № 170 "Об утверждении Плана счетов бухгалтерского учета государственных учреждений" следующее дополнение:

      В Плане счетов бухгалтерского учета государственных учреждений, утвержденном указанным приказом:

      дополнить приложением 4 к указанному Плану согласно приложению к настоящему Перечню.

      2. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 апреля 2025 года № 191 "Об утверждении Учетной политики" следующие изменения:

      в Учетной политике, утвержденной указанным приказом:

      пункты 94 и 95 изложить в следующей редакции:

      "94. Государственное учреждение получает доходы от необменных и обменных операций.

      К доходам от необменных операций относятся:

      финансирование текущей деятельности;

      финансирование капитальных вложений;

      трансферты и субсидии;

      гранты;

      налоговые поступления;

      спонсорская и благотворительная помощь;

      прочие необменные операции.

      К доходам от обменных операций относятся:

      операции от управления активами;

      от реализации товаров (работ и услуг).

      Момент признания актива и доходов по налоговым поступлениям возникает в результате налоговой операции, является моментом, с которого прошлое событие служит основанием по контролю над активом.

      Для оценки суммы доходов по корпоративному подоходному налогу (далее – КПН) к начислению уполномоченный орган признает доходы на основании соответствующих сведений из лицевых счетов по КПН на отчетную дату.

      Для оценки суммы доходов по налогу на добавленную стоимость (далее – НДС) к начислению являются записи в лицевых счетах, фиксирующие факт начисления доходов от НДС по декларациям налогоплательщиков отчетного периода.

      Аналогичный подход применяется к другим видам налоговых поступлений, налоговый период для которых установлен календарный месяц или календарный квартал (акцизы, налог на добычу полезных ископаемых, налог на игорный бизнес).

      В случае отсутствия формирования лицевых счетов по налоговым поступлениям на уровне областного бюджета, бюджета города республиканского значения, столицы, для отражения доходов по налоговым поступлениям используются данные поступлений денежных средств в бюджет.

      95. Налоговые поступления в соответствующий бюджет признаются в учете уполномоченным органом по методу начисления, за исключением абзаца 17 пункта 94 настоящей Учетной политики, и отражаются как доходы от необменных операций.

      Налоговый актив признается при возникновении налогового события и соблюдении критериев признания.

      Поступления от налогов, полученных до наступления налогового события, признаются активом и обязательством (авансовые поступления), поскольку событие, которое дает право получения отчитывающимся субъектом налоговых поступлений, еще не наступило, а критерии на признание налогового дохода не удовлетворяются.

      Авансовые поступления по налогам не отличаются, по существу, от других авансовых поступлений. Обязательство признается до наступления налогового события. С наступлением налогового события обязательство ликвидируется и признается доход.

      Поступления от продажи основного капитала, от продажи финансовых активов государства уполномоченный орган признает доход в момент поступления денежных средств в бюджет.

      Поступления от продажи основного капитала, от продажи финансовых активов государства, неналоговые поступления, кроме штрафов и пени, отражаются в бухгалтерском учете на основании соответствующей информации в порядке, предусмотренном Правилами бухгалтерского учета.".

      3. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 мая 2025 года № 223 "Об утверждении Правил ведения бухгалтерского учета в государственных учреждениях" следующие изменения:

      в Правилах ведения бухгалтерского учета в государственных учреждениях, утвержденных указанным приказом:

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Первичными документами по учету налоговых поступлений в бюджет, за исключением областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы, является сводный отчет по итоговым операциям лицевых счетов налогоплательщиков (начисленных, уменьшенных, поступивших, возвращенных сумм в бюджет).

      Первичными документами по учету поступлений части чистого дохода государственных предприятий, дивидендов на государственные пакеты акций, а также доходов на доли участия в юридических лицах, находящихся в государственной или коммунальной собственности города районного значения, села, поселка, сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления), являются данные, предоставленные уполномоченными органами соответствующих отраслей или местными исполнительными органами либо аппаратом акима города районного значения, села, поселка, сельского округа.

      Первичными документами по учету неналоговых поступлений в бюджет являются формы отчетов по поступлениям, полученные из подсистемы Аналитический центр (далее – АЦ) интегрированной автоматизированной информационной системы (далее – ИАИС) "е-Минфин" АЦ Компонент "Формирование отчетности и статистики по государственным финансам, анализ исполнения бюджетов, подготовка аналитических материалов".

      Первичными документами по отражению начисленных налоговых и неналоговых поступлений в областной бюджет, бюджет города республиканского значения, столицы являются формы отчетов по поступлениям, полученные из ИАИС.";

      в абзац второй пункта 30 внесены изменения на казахском языке текст на русском языке не меняется;

      пункт 212 изложить в следующей редакции:

      "212. Начисление заработной платы производится один раз в месяц и отражается в учете в последний день месяца.

      Выплата заработной платы работникам государственных учреждений производится в порядке, установленном Правилами исполнения бюджета.

      За первую половину месяца работникам выдается аванс в размере пятидесяти процентов месячной заработной платы за минусом сумм удержаний, установленных законодательством Республики Казахстан и настоящими Правилами.";

      пункт 325 изложить в следующей редакции:

      "325. Для определения непригодности объектов основных средств вследствие физического и морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий, за исключением оружия, военной техники, оборонных объектов и иного военного имущества, не используемого в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан, неэффективности проведения их ремонта, а также для оформления необходимой документации на списание основных средств приказом руководителя государственного учреждения создается постоянно действующая комиссия. В состав комиссии обязательно входят: заместитель руководителя государственного учреждения, а в государственных учреждениях, в которых введена должность руководителя аппарата, – руководитель аппарата либо должностное лицо, уполномоченное руководителем государственного учреждения (председатель комиссии), главный бухгалтер или его заместитель (в случае его отсутствия по штатному расписанию должности главного бухгалтера лицо, на которое возложено ведение бухгалтерского учета), лица, на которых возложена ответственность за сохранность основных средств, при списании отдельных видов основных средств в состав комиссии также, включаются соответствующие специалисты (эксперты), представитель дорожной полиции (при списании автотранспортных средств). Постоянно действующая комиссия производит непосредственный осмотр объекта, подлежащего списанию, привлекая при этом техническую документацию (паспорт, поэтажные планы и другие документы), а также использует данные бухгалтерского учета и устанавливает непригодность его к восстановлению и дальнейшему использованию.";

      пункт 406 изложить в следующей редакции:

      "406. Аренда классифицируется как:

      финансовая аренда, если она подразумевает передачу практически всех рисков и выгод, связанных с владением активом независимо от перехода прав собственности по истечении срока аренды;

      операционная аренда, если она не подразумевает передачу практически всех рисков и выгод, связанных с владением активом.

      Классификация аренды в качестве финансовой или операционной в большей степени зависит от содержания операции, условий договора и производится на начальную дату аренды.

      Начало арендного договора – наиболее ранняя дата заключения договора об аренде или принятия сторонами обязательств в отношении основных условий аренды.

      К обстоятельствам, которые по отдельности или в совокупности обычно приводят к классификации аренды как финансовой относятся:

      договор аренды предусматривает передачу права собственности на актив арендатору в конце срока аренды;

      арендатор имеет право на покупку актива по цене, которая, как ожидается, будет настолько ниже справедливой стоимости на дату реализации этого права, что на дату начала арендных отношений можно обоснованно ожидать реализации этого права;

      срок аренды распространяется на значительную часть срока экономической службы актива даже при отсутствии передачи права собственности;

      на дату начала арендных отношений приведенная стоимость минимальных арендных платежей практически равна справедливой стоимости актива, являющегося предметом аренды;

      сданные в аренду активы имеют такой специализированный характер, что только арендатор может использовать их без значительной модификации.

      Договор финансового лизинга с учетом обстоятельств, указанных в абзацах шесть, семь, восемь, девять, десять и одиннадцать части четвертой настоящего пункта Правил, классифицируется как финансовая аренда.";

      пункт 421 изложить в следующей редакции:

      "421. Доход признается, когда существует вероятность получения государственным учреждением будущих экономических выгод или сервисного потенциала, которые надежно оцениваются.

      Государственное учреждение признает доходы методом начисления в соответствии с положениями Учетной политики.".

  Приложение к перечню
некоторых приказов
Министра финансов
Республики Казахстан,
в которые вносятся изменения
и дополнение
10 октября 2025 года № 589
  Приложение 4 к Плану
счетов бухгалтерского учета
государственных учреждений

Корреспонденция счетов по бухгалтерским операциям к Сводному отчету по итоговым операциям налогов и платежей в бюджет, по которым ведется учет в органах государственных доходов (далее – Сводный отчет)*

Содержание операции

Дебет

Кредит

Раздел 1. Отражение операций по поступлениям в бюджет за исключением НДС**

1.

Корректировка дебиторской задолженности (недоимка) по налоговым поступлениям на начало отчетного года на основании Сводного отчета (графа 4 Сводного отчета)

1292 Краткосрочная дебиторская задолженность по расчетам с плательщиками по налоговым поступлениям в бюджет

5240 Финансовый результат предыдущих лет по поступлениям в бюджет

2.

Корректировка кредиторской задолженности (переплата) по налоговым поступлениям на основании Сводного отчета на начало отчетного года
(графа 5 Сводного отчета)

5240 Финансовый результат предыдущих лет по поступлениям в бюджет

3280 Краткосрочная кредиторская задолженность по налоговым и неналоговым поступлениям в бюджет

3.

Начисление налогов
(графа 6 минус (-) графа 7 Сводного отчета)

1292 Краткосрочная дебиторская задолженность по расчетам с бюджетом по налоговым поступлениям

6081 Доходы от налоговых поступлений в бюджет

4.

Поступление налогов в бюджет
(графа 8 Сводного отчета)

1046 КСН республиканского бюджета

1292 Краткосрочная дебиторская задолженность по расчетам с бюджетом по налоговым поступлениям

1047 КСН местных бюджетов

1074 Прочие денежные средства

5.

Возврат налогов (графа 9 Сводного отчета)

3280 Краткосрочная кредиторская задолженность по налоговым и неналоговым поступлениям в бюджет

1046 КСН республиканского бюджета

1047 КСН местных бюджетов

6.

Отражение операций по налогам (платежам) по измененному сроку исполнения налогового обязательства

(графа 10 Сводного отчета с отрицательным знаком)

1292 Краткосрочная дебиторская задолженность по расчетам с бюджетом по налоговым поступлениям

5240 Финансовый результат предыдущих лет по поступлениям в бюджет

(графа 10 Сводного отчета с положительным знаком)

7451 Расходы по созданию резерва по налоговой задолженности

1290 Резерв по сомнительной дебиторской задолженности

При наличии ранее созданного резерва осуществляется его корректировка

1290 Резерв по сомнительной дебиторской задолженности

5240 Финансовый результат предыдущих лет по поступлениям в бюджет

7.

Корректировка дебиторской и кредиторской задолженности по налоговым поступлениям на основании Сводного отчета на конец отчетного периода

3280 Краткосрочная кредиторская задолженность по налоговым и неналоговым поступлениям в бюджет

1292 Краткосрочная дебиторская задолженность по расчетам с бюджетом по налоговым поступлениям

1292 Краткосрочная дебиторская задолженность по расчетам с бюджетом по налоговым поступлениям

3280 Краткосрочная кредиторская задолженность по налоговым и неналоговым поступлениям в бюджет

Раздел 2. Отражение операций по поступлениям в бюджет по НДС***

8.

Корректировка дебиторской задолженности (недоимка) по налоговым поступлениям на основании Сводного отчета на начало отчетного года (графа 4 Сводного отчета)

1292 Краткосрочная дебиторская задолженность по расчетам с плательщиками по налоговым поступлениям в бюджет

5240 Финансовый результат предыдущих лет по поступлениям в бюджет

9.

Корректировка кредиторской задолженности (переплата) по налоговым поступлениям на основании Сводного отчета на начало отчетного года (графа 5 Сводного отчета)

5240 Финансовый результат предыдущих лет по поступлениям в бюджет

3282 Краткосрочная кредиторская задолженность по оплате НДС

10.

Начисление налогов
(графа 6 минус (-) графа 7 Сводного отчета)

1292 Краткосрочная дебиторская задолженность по расчетам с бюджетом по налоговым поступлениям

6081 Доходы от налоговых поступлений в бюджет

11.

Начисление расходов по НДС, облагаемому по нулевой ставке (графа 2 Приложения 2 к Сводному отчету "Отчет по суммам, подлежащим возврату, обусловленные превышением суммы налога на добавленную стоимость, относимого в зачет, над суммой начисленного налога за налоговый период, в котором совершены обороты по реализации, облагаемые по нулевой ставке")

7260 Расходы по уменьшению поступлений в бюджет

3282 Краткосрочная кредиторская задолженность по оплате НДС

Одновременно осуществляется корректировочная запись на восстановление уменьшенных ранее доходов

1292 Краткосрочная дебиторская задолженность по расчетам с бюджетом по налоговым поступлениям

6081 Доходы от налоговых поступлений в бюджет

12.

Поступление налогов в бюджет (графа 8 Сводного отчета)

1046 КСН республиканского бюджета

1292 Краткосрочная дебиторская задолженность по расчетам с бюджетом по налоговым поступлениям

1047 КСН местных бюджетов

13.

Возврат налогов (графа 9 Сводного отчета)

3282 Краткосрочная кредиторская задолженность по оплате НДС

1046 КСН республиканского бюджета

1047 КСН местных бюджетов

14.

Отражение операций по налогам (платежам) по измененному сроку исполнения налогового обязательства

(графа 10 Сводного отчета с отрицательным знаком)

1292 Краткосрочная дебиторская задолженность по расчетам с бюджетом по налоговым поступлениям

5240 Финансовый результат предыдущих лет по поступлениям в бюджет

(графа 10 Сводного отчета с положительным знаком)

7451 Расходы по созданию резерва по налоговой задолженности

1290 Резерв по сомнительной дебиторской задолженности

При наличии ранее созданного резерва осуществляется его корректировка

1290 Резерв по сомнительной дебиторской задолженности

5240 Финансовый результат предыдущих лет по поступлениям в бюджет

15.

Корректировка дебиторской и кредиторской задолженности по налоговым поступлениям на основании Сводного отчета на конец отчетного периода

3280 Краткосрочная кредиторская задолженность по налоговым и неналоговым поступлениям в бюджет

1292 Краткосрочная дебиторская задолженность по расчетам с бюджетом по налоговым поступлениям

1292 Краткосрочная дебиторская задолженность по расчетам с бюджетом по налоговым поступлениям

3280 Краткосрочная кредиторская задолженность по налоговым и неналоговым поступлениям в бюджет

      Примечание:

      *Сводный отчет по итоговым операциям налогов и платежей в бюджет, по которым ведется учет в органах государственных доходов Приложение 11 к Правилам составления годовой консолидированной финансовой отчетности администраторами бюджетных программ и уполномоченными органами по исполнению бюджета, утвержденным приказом исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 15 мая 2025 года № 229.

      ** При отражении корреспонденции счетов из Сводного отчета по итоговым операциям налогов и платежей в бюджет исключаются суммы, отраженные в Приложении 1 к Сводному отчету "Сводный отчет по итоговым операциям лицевых счетов налогоплательщиков банкротов, а также в отношении которых органами государственных доходов приняты все меры принудительного взыскания".

      ***При отражении корреспонденции счетов из Сводного отчета по итоговым операциям налогов и платежей в бюджет исключаются суммы, отраженные в Приложении 1 к Сводному отчету "Сводный отчет по итоговым операциям лицевых счетов налогоплательщиков банкротов, а также в отношении которых органами государственных доходов приняты все меры принудительного взыскания".