БҰЙЫРАМЫН:
1. "2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 101-бабының 8-тармағына және 168-бабының 14-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-қимыл тәртібін айқындайды.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бір мезгілде жергiлiктi бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманың бiр данасын оларды бекiтілгеннен кейiн екі жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік қазынашылық органына ұсынады, жергiлiктi бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамалардың электрондық үлгілерін осы Қағидаларға 28, 40 және 42-қосымшаларға сәйкес осы Қағидаларға 24-қосымшаға сай нысан бойынша тізілімге тіркейді және оған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган/аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты басшысының және жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі /аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.
Бюджет нақтыланған жағдайда мемлекеттік қазынашылық органдарына 28, 40 және 42-қосымшаларға сәйкес жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электрондық үлгілері және осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес тізілімге тіркелген осы Қағидаларға 43-қосымшаға сай нақтыланған жоспардың электрондық үлгісі ұсынылады.";
61-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервінен қаражат бөлу кезінде, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша төмен тұрған деңгейдегі бюджетті түзету кейіннен төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, осы Қағидалардың 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73 және 76-тармақтарында белгіленген тәртіппен, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен мәслихатта бюджетті нақтылаусыз жүзеге асырылады.";
63-тармақ алып тасталсын;
74 және 75-тармақтар алып тасталсын;
107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"107. Осы Қағидалардың 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік мекеме осы Қағидаларға 51-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қазынашылық органына қойылатын қолдар мен мөр бедерінің үлгілерін ұсынады.
Қойылатын қолдардың және мөр бедерінің үлгілері мемлекеттік қазынашылық органдарына екі данада ұсынылады. Бір данасы мемлекеттік мекеменің құжаттар жинағында сақталады, екіншісін мемлекеттік қазынашылық органы қолжетімділігі шектеулі қағаз жеткізгіштегі азаматтық-құқықтық мәмілелері бар мемлекеттік мекемелердің қаржы құжаттарында қойылатын қолдардың және мөр бедерінің дұрыстығын тексеру кезінде пайдаланады.
Қойылатын қолдардың және мөр бедерінің үлгілері бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен куәландырылады және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөр бедерімен (мемлекеттік мекеме үшін – Елтаңбалы) бекітіледі не нотариалды куәландырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қоятын қолдардың және мөр бедерінің үлгілерін бірінші басшы куәландырады.";
113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"113. Бюджет қаражатын үнемдеу түрінде олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша пайда болған қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік мүлік туралы заң) және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) сәйкес қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті басқару органының (құрылтайшысының) шешімі бойынша бюджетке қайтарылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есептелген тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуден түскен қаражат тиісті бюджеттің кірісіне аударуға жатады.";
146-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"146. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Салық кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы Заңына және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы мәслихаттардың шешімдеріне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес ұлттық валютада бюджетке түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша бірыңғай қазынашылық шотқа есептеледі.";
5-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-параграф. Арнаулы мемлекеттік қордың, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түсетін түсімдер және ақшаны жұмсау";
156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"156. Арнаулы мемлекеттік қордың, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсетін түсімдер бойынша операциялар Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес ескеріледі.
Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты республикалық бюджет комиссиясының шешімі және әлеуметтік, экономикалық жобалардың мақұлданған тізбесі қоса берілген төлеуге берілетін шот негізінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық жобаларын, сондай-ақ "Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Активтерді қайтару туралы заң) 32-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті органның активтерді қайтару жөніндегі шығыстарын қаржыландыру мақсатында тиісті саланың орталық уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударылады.
Егер әлеуметтік және экономикалық жобаларды іске асыру тиісті саланың орталық уәкілетті органының ведомствосына (комитетіне) жүктелген жағдайда, ведомствоға (комитетке) қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінімді мемлекеттік қазынашылық органына тиісті саланың орталық уәкілетті органы ұсынады.
Тиісті саланың орталық уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражат республикалық бюджет комиссиясының шешімі мен әлеуметтік және экономикалық жобалардың мақұлданған тізбесі қоса беріле отырып, төлеуге берілетін шоттың негізінде тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының арнайы шотына аударылады.";
мынадай мазмұндағы 156-1 және 156-2-тармақтармен толықтырылсын:
"156-1. Тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының арнайы шотының қаражатын пайдалану Активтерді қайтару туралы заңның 32-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады.
Тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының арнайы шотының қаражатын пайдалануға байланысты төлемдерді жүргізу осы Қағидалардың 6-тарауының 7-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
156-2. Мемлекеттік қазынашылық органы тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотынан төлемдерді жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлеуге берілетін шоттарды:
1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: шот-фактураның (электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден импортталған) немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің болуы тұрғысынан.
2) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексерумен тұжырымдалады.";
159-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджетке артық (қате) төленген соманы қайтаруға деректемелер Ақшаны алушылар анықтамалығында болмаған немесе өзгерген кезде мемлекеттік кірістер органы "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде осы Қағидаларға 64-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақша алушыны енгізуге арналған өтінімнің немесе осы Қағидаларға 67-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақша алушы деректемелерінің өзгерістерін енгізуге арналған өтінімнің электрондық үлгісін қалыптастырады.";
177-тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тауарларды сатып алған, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайларда шот-фактураның, хабарлама шотының, шоттың, орындалған жұмыстар актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттың;";
182-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шығыстардың экономикалық сыныптамасының көрсетілген тізбеге кірмейтін ерекшеліктері бойынша аванстық (алдын ала) төлемақы, осы Қағидалардың 183, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197 және 198-тармақтарында көрсетілген шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша шығыстардың ерекшеліктері мен түрлерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының отыз пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.";
184-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жаңа объектілерді салуға және қолда бар әскери мақсаттағы объектілерді реконструкциялауға арналған шығындарды төлеу үшін ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасынан;";
188-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"188. Шығыстарының экономикалық сыныптамасының 431 "Жаңа объектілерді салу және қолда бар объектілерді реконструкциялау" ерекшелігі бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде, мердігер ұйым шарттық міндеттемелерді уақтылы орындауға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес аванстық төлемді тиісті қамтамасыз етуді ұсыну шартымен, астанада жылу электр орталықтарын салу үшін ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың жетпіс бес пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.";
189-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"189. Дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан асатын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде күрделі энергетикалық жабдықты сатып алуды, мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке қаражат төлеуді, қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау жөніндегі қызметтерге төлемдерді, науқастарды шетелде емдеуге арналған төлемдерді, ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметіне төлемдерді қоспағанда, құрылыспен не ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді реконструкциялаумен, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеумен, сондай-ақ ағымдағы шығындар бойынша шарттарда мемлекеттік мекеменің қабылданған тауарлардың, (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) әрбір сомасынан бұрын төлеген авансты тепе-тең ұстау туралы шарты болуы қажет.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес аванстық (алдын ала) төлемнің бұрын төленген сомасын ұстап қалуды қамтамасыз етеді.
Қолдану мерзімі қаржы жылынан асатын шарттар бойынша өткен жылдардан ұсталмаған аванстық сомасы болған жағдайда, жаңа қаржы жылында төленуге жататын аванс, атқарылған жұмыстар көлемімен бұрын төленген аванс толық өтелгеннен кейін төленеді.
Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарға ақы төлеу тұтастай алғанда шарттың жалпы сомасының тоқсан бес пайызы шегінде жүргізіледі. Қолдану мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттар бойынша шарттың жалпы сомасынан бес пайызды ұстауды мемлекеттік мекеме объектіні аяқтаудың соңғы жылында жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлінген жағдайда, сондай-ақ қаражат объектіні салуды бастауға бөлінгенде, ағымдағы қаржы жылына мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелген шарттар бойынша бес пайызды ұстау жүргізілмейді. Бұл ретте көрсетілген жағдайларда объектілер бойынша ағымдағы қаржы жылына түпкілікті төлем мемлекеттік қазынашылық органына мемлекеттік мекеме ұсынған орындалған жұмыстардың актісі негізінде жүргізіледі.
Орындалған жұмыстар үшін тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы түпкілікті есеп айырысу ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқтағаннан кейін және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тапсырыс берушімен қол қойылған объектіні пайдалануға қабылдау актісін мемлекеттік қазынашылық органына ұсынғаннан кейін жүргізіледі.";
197-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"197. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қорытындылары бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасасу кезінде аванстық (алдын ала) төлемге рұқсат етілмейді.";
мынадай мазмұндағы 197-1-тармақпен толықтырылсын:
"197-1. Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі әлеуетті өнім берушілерге аванстық (алдын ала) төлем, тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында қаражат болған кезде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.";
200-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"200. Мемлекеттік мекемелердің көрсетілген қызметтерге (коммуналдық қызметтер, көше жарығы, қоқыс шығару қызметтері, байланыс қызметтері, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдарының қызметтері, әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтері), көлік қызметтеріне, ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуге, тауарға билік ету құжаттары (талондар/отын карталары) бойынша автожанармай құю станцияларынан алынған мұнай өнімдері үшін ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында, өткен қаржы жылының желтоқсанына қойылған төлеуге берілген құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша ақы төлеуіне жол беріледі.";
205-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын қолданбай жасалған шартты бұзу кезінде мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы нөлдік сомамен қалыптастырады және мемлекеттік қазынашылық органдарына ұсынады.";
207-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"207. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін өтінімдерді қағаз жеткізгіште жүргізу кезінде мемлекеттік қазынашылық органдарына осы Қағидаларға 77-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге өтінімдер тізілімін және шарттың (қосымша келісімнің) түпнұсқасы мен көшірмесін қоса бере отырып, екі данада азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді ұсынады, бұл ретте тізілімнің, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімнің бір данасы және тіркелген шарттың (қосымша келісімнің) қағаз жеткізгіштегі көшірмесі мемлекеттік қазынашылық органында қалады.
Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін өтінімдер "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесі арқылы берілген кезде өтінімдер тізілімдері ұсынылмайды.
Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты немесе қосымша келісімді (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында (бұдан әрі – № 129 қағидалар) белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету нәтижесінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасы ұлғайған жағдайда) тіркеу үшін мемлекеттік мекеме, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мынадай құжаттардың бірінің: жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарттың құнына енген жағдайда жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының немесе техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде жобалау-сметалық құжаттаманы немесе техникалық-экономикалық негіздемені түзетуді талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша шарттардың көшірмесін міндетті түрде қоса бере отырып, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді қағаз жеткізгіште ұсынады. Оған қоса: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10632 болып тіркелген) бекітілген Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларында (бұдан әрі – № 304 қағидалар) белгіленген тәртіппен техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту/қайта бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі. Бұл ретте, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну техникалық-экономикалық негіздеменің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың қолданылу кезеңінде жүзеге асырылады.
Астанада жылу электр орталықтарын салуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жасалған шарттарды (қосымша келісімді) тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімге аванстық (алдын ала) төлем көзделетін сатып алынатын күрделі энергетикалық жабдықтың құны туралы мәліметтерді көрсете отырып, қосымша түсіндірме жазба қосымша қыстырылады.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған, осы тармақта тізбеленген құжаттардың түпнұсқасынан сканерленген үлгілерін қоса бере отырып, өтінімнің электрондық үлгісі қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалуы мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға арналған шарттарға азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім мемлекеттік қазынашылық органдарына "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйеден мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (қосымша келісімнің) деректерін беру жолымен "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.
Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінде жасалған шартты немесе қосымша келісімді (№ 129 қағидаларда белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету нәтижесінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасы ұлғайған жағдайда) тіркеу үшін мемлекеттік мекеме "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қазынашылық органына, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мынадай құжаттардың бірінің: жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарттың құнына енген объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының немесе техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде жобалау-сметалық құжаттаманы немесе техникалық-экономикалық негіздемені түзетуді талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша шарттардың түпнұсқасынан сканерленген үлгіні қоса бере отырып, "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың деректерін беру жолымен азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді береді. Оған қоса: № 304 қағидаларға сәйкес техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту/қайта бекіту туралы бұйрықтың түпнұсқасынан сканерленген үлгі. Бұл ретте, осы тармақтың жетінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну техникалық-экономикалық негіздеменің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың қолданылу кезеңінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, Түркістан қаласында объектілер салу бойынша, сондай-ақ коронавирустық инфекцияға қарсы иммунобиологиялық препараттар шығару бойынша биофармацевтикалық зауыт салу бойынша "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінде жасалған шарттарды тіркеу жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын немесе техникалық-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын кезең-кезеңімен алу негізінде экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың түпкілікті оң қорытындысын немесе құрылыс объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған кезде шарттардың жалпы құнын кейіннен түзете отырыпжүзеге асырылады.
Жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысынан немесе техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысынан, № 304 қағидаларға сәйкес техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту/қайта бекіту туралы бұйрық және міндеттемені тіркеу туралы хабарламалардың нөмірлері мен күндері, шарт талаптарының өзгеру себебі және шарт сомасы көрсетілетін мемлекеттік мекеменің түсіндірме жазбасы (қосымша келісім тіркелген жағдайда) (өзгерген жағдайда) басқа "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімдерге осы тармақта аталған құжаттардың түпнұсқасынан сканерленген бейнелерді бекіту талап етілмейді,
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар қолданылмайтын мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары (қосымша келісімдері) бойынша міндеттемелерді қабылдау үшін мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімге мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын/қосымша келісімін тіркеу туралы куәліктің көшірмесін (сканерленген бейнесін) қосымша ұсынады.
Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың (аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерінің) шешімдеріне сәйкес міндеттемелер қабылдаған кезде мемлекеттік мекеме қосымша мемлекеттік қазынашылық органдарына республика Үкіметінің тиісті шешімдерінің көшірмелерін (мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған сканерленген бейнені бекітеді) ұсынады Қазақстан (жергілікті атқарушы органдар, аудандық маңызы бар қалалар әкімдері, кент, ауыл, ауылдық округ).";
210-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Міндеттемелер бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған базалық шығыстардың азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімі (бұдан әрі – жоспарлы кезеңге арналған өтінім) осы Қағидаларға 80-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады, "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша осы Қағидаларға 81-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.";
215-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте мемлекеттік мекеменің өтінімдер беруі негізгі шарт бойынша түпкілікті төлем жүргізілгенге дейін жүзеге асырылады.";
216-тармақтың 13) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"13) жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысында немесе техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысында көзделген сомадан ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шарт сомасынан аспауы тиіс;
14) ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шарт бойынша жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысынан немесе олардың қолданылу мерзімі кезеңінде техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысынан көшірмесін немесе сканерленген бейнесін ұсыну;";
218 және 219 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"218. Мемлекеттік қазынашылық органы өтінімді мыналарға:
белгіленген нысанға сәйкестігіне;
өтінім деректемелерінің шарт деректемелеріне сәйкестігіне;
мемлекеттік мекеме атауының және кодының оның мемлекеттік мекемелер анықтамалығында көзделген атауына және кодына сәйкестігіне;
ақша алушы деректемелерінің Ақша алушылар анықтамалығында көзделген деректемелерге сәйкестігіне;
өтінімдегі қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедері үлгілері бар қағаз тасығыштағы құжатқа сәйкестігіне.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша электрондық түрі ұсынылған кезде:
осы Қағидалардың 204, 205, 206, 207, 209 және 215-тармақтарында көзделген құжаттардың бар болуына;
жазылған соманың санмен берілген сомаға сәйкестігіне;
шартты бірнеше бюджеттік бағдарлама бойынша немесе бюджет шығыстарының әрбір бюджеттік сыныптамасының коды бойынша бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде жасасқан кезде, барлық өтінімдердің бір уақытта берілуіне;
түсіндірме жазбасы негізінде "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі шартты тіркеу туралы соңғы хабарламаны көрсете отырып өтінімді қарау нысанында "Өтінім түрі" жолағын толтыру болуын тексеруді жүзеге асырады.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде өтінімдерді қарау нысанында түсіндірме жазбаға сәйкес "бұзу" белгісінің болуы (мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған шартты бұзған кезде).
219. Өтінім дұрыс ресімделмеген және оған қоса берілген құжаттармен не Шарттың тармақтарда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде 179, 180, 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195, 198, 199, 200, 201, 202, 205, 206, 207, 211, 215, 216 және 218-і осы Қағиданың мемлекеттік қазынашылық органы өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды:
1) мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге өтінімдер тізілімінде қайтару туралы белгісі бар хатты ресімдемей қабылдау кезеңінде сәйкессіздік анықталған;
2) мемлекеттік қазынашылық органына ұсынылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қазынашылық органы басшысының қолы қойылған жазбаша түрде қабылдағаннан кейін, тексеру барысында сәйкессіздік анықталса, бұл ретте өтінімнің екінші данасы хаттың екінші данасымен қалады.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде оған қоса берілген құжаттары бар өтінімнің электрондық бейнесі не шарт тармақтарда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда 179, 180, 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201, 202, 205, 206, 207, 211, 215, 216 мемлекеттік қазынашылық органы осы Қағидалардың тиісті тармақтарына сілтеме жасай отырып, бас тарту себебін көрсете отырып, өтінімді қабылдамайды.";
226-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша жеткіліксіз болған жағдайда мемлекеттік қазынашылық органы бірінші кезекте бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің борыштық міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді, жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысын және басқа да ақшалай төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жалақыдан ұстап қалулар, ақшалай өтемақылар, алимент, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, тұрғын үй төлемдері, жеке тұлғаларға трансферттер, стипендиялар, банк қызметтеріне ақы төлеу, бюджеттік субвенциялар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.";
бірінші бөлігінің 8), 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Мемлекеттік қазынашылық органы тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде шот-фактуралардың немесе лизингтік төлемдерді өтеу кестесі (тауарды лизингке сатып алған жағдайда), актілер жасалмайтын көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау кезінде орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісін немесе тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша аванстық төлемнің сомасын қоспағанда, төлем жүргізген кезде (бұдан әрі – растаушы құжаттар) беруді. Көрсетілген құжаттарға өнім берушінің жеке қолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады. Бұл ретте, көрсетілген құжаттардың көшірмелері орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның өз қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен беріледі;
9) Салық кодексінің талаптарына сәйкес жазылған электрондық шот-фактураны алған кезде электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне интеграциялау арқылы төлем шотын қалыптастыру;
10) ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша аванстық төлем жүргізген кезде жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысынан немесе техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысынан көшірмесін немесе сканерленген бейнені ұсыну жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарттың құнына енгізілген жолдар мен басқа да объектілер;";
232-тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жеке тұлға үшін:
жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның немесе жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензияның көшірмесі. Осы құжаттардың көшірмелері "электрондық үкімет" веб-порталында және/немесе "Е-лицензиялау" веб-порталында қалыптастырылған хабарлама арқылы ұсынылады;
банктің нөмірі көрсетілген банктік шоттың болуы туралы анықтамасы;";
бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "Қаржыландыру көзі" жолағында қаражат есебінен төлем және ақша аудару жүзеге асырылатын қаржыландыру көзінің түрін білдіретін таңба көрсетіледі:
1 – үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен;
2 – үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражаты есебінен;
3 – мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша есебінен;
4 – қайырымдылық көмектен түскен ақша есебінен;
5 – мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар оларды қайтару шарттарында беретін ақша есебінен;
8 – ерекше шығындар есебінен;
S – Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен;";
бірінші бөлігінің 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"20) "Төлем мақсаты" жолағында төлемнің мақсаты, растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні көрсетіледі. Бұл ретте растайтын құжаттың күні төлем шотын қалыптастыру күнінен кеш болмауы тиіс.";
237-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"237. Электрондық төлеуге берілетін шоттарды құру кезінде тиісті электрондық жолақтарда төлем түрін көрсету қажет:
1 – қарапайым төлем;
2 – зейнетақы (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және зейнетақы төлемі) қосымшасы бар жарналар;
3 – еңбекақыны және дивидендтерді аудару;
4 – қосымшамен әлеуметтік аударымдар;
5 – қосымшамен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар;
7 – қосымшамен жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлемдер.";
238-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"238. Аванстық (алдын ала) төлем жүргізу үшін "Төлемнің мақсаты" жолағында: "_____№_____шарт пен №_____ хабалама сомасының ______пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлем" деген мәтін қосымша көрсетіледі.
Республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жүзеге асырған кезде аванстық (алдын ала) төлем жүргізу үшін "Төлемнің мақсаты" жолында: "Ағымдағы қаржы жылына осы мақсатқа көзделген ___________ № __ шарт сомасының ___ пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлем" деген мәтін қосымша көрсетіледі.";
244-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"244. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға олардың банкте ашылған ағымдағы шоттарына немесе жинақ шоттарына стипендиялар мен басқа да төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік жарналар мен ерікті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, аударымдарды және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар, сақтандырудың жинақтаушы түрінің шарттары бойынша төлемдер қағаз жеткізгіштегі төлем шоттарымен бірге мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазынашылық органына осы Қағидаларға 140, 141, 142, 143 және 144-қосымшаларға сәйкес төлем форматындағы ақша алушылардың тізімдерін ұсынады.";
249-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"249. Мемлекеттік қазынашылық органында тіркелген шарттың талаптарына сәйкес төлемдерді жүргізу үшін мемлекеттік мекеме қағаз жеткізгіште төлем шоттарының тізілімін, төлем шоттарын және:
тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде – шот-фактура немесе лизингтік төлемдерді өтеу кестесінің көшірмесі (тауарды лизингке сатып алған жағдайда), жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету кезінде – орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің актісі, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы дайындау құны шарт құнына енгізілген басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша қосымша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын ұсынады жобалау-сметалық құжаттама немесе төлем жүргізу кезінде техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы, келесі аванстық;
осы Қағидаларға 95-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық валютада қоса қаржыландыру қаражатын немесе байланысты гранттарды жұмсаған кезде үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінім.
Алдын ала (аванстық) төлемді қоспағанда, төлемді қағаз жеткізгіште жүргізген кезде тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлем шотына орталық атқарушы орган аппараты басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы орган аппараты басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) қолымен расталған, осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі немесе оған уәкілеттік берілген, ал ондайлар болмаған жағдайларда ‒ мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің бедерімен.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес электрондық шот-фактура жазылмайтын жағдайларды қоспағанда, "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде тіркелген шарттың талаптары бойынша төлем жүргізу кезінде растаушы құжат электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне интеграцияланған және мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған шот-фактураның электрондық бейнесі болып табылады.
Шот-фактураның нысаны, электрондық түрде жазып берілетін шот-фактураларды жазып беру, жіберу, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі, электрондық шот-фактураны куәландыру тәртібі, түзетілген, қосымша электрондық шот-фактураларды алуды растау ерекшеліктері, электрондық шот-фактураларды сақтау тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
Байқоңыр қаласының аумағында тіркелген заңды тұлғаның пайдасына "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде тіркелген шарттың талаптары бойынша төлем жүргізу кезінде шот-фактураның түпнұсқасынан сканерленген бейне растайтын құжат болып табылады.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде тіркелген ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптары бойынша төлем жүргізу кезінде мемлекеттік мекеме орындалған жұмыстар актісі негізінде төлем шотының электрондық бейнесін толтырады, қалыптастырылған және интеграцияланған Мемлекеттік сатып алу веб-порталы және басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, сондай-ақ шығыстар бойынша, жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы дайындау құны шарт құнына енгізілген ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жобалық-сметалық құжаттама бойынша техникалық-экономикалық негіздеме бойынша, аванстық төлемнен кейінгі төлемді жүргізу кезінде ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының немесе ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының сканерленген бейнесін қосымша ұсынады.
Жеке тұлғалармен "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде тіркелген шарттың талаптарына сәйкес төлем жүргізу кезінде мемлекеттік мекеме осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген түпнұсқадан сканерленген құжаттарды немесе мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған олардың электрондық бейнесін қамтитын, файлдарды қоса отырып, төлеуге берілетін шоттың электрондық бейнесін толтырады.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде тіркелген шарттың талаптарына сәйкес шетел валютасында төлемдер жүргізу кезінде мемлекеттік мекеме осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, шетел валютасын айырбастауға арналған өтініммен төлеуге берілетін шоттың электрондық бейнесін қалыптастырады.";
250-тармақ алып тасталсын;
255-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"255. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын және толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдардың аванстық төлем сомасын қоспағанда, зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын есепке жатқызуға арналған ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан төлем жүргізу кезінде қағаз жеткізгіште комиссия шешімінің көшірмесі, растайтын құжаттың (шот-фактуралар немесе жүкқұжат, тауарларды, көрсетілген қызметтерді жеткізу туралы акті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа құжат) көшірмесі ұсынылады, оның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жүзеге асырылады."
313-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"313. Мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттер сомасы осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының актісіне қол қойылғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей міндетті түрде қайтаруға жатады.
Төмен тұрған бюджеттердiң ағымдағы жылдың нысаналы трансферттерi бойынша да, өткен жылдардың нысаналы трансферттерi бойынша да жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердiң мақсатқа сай пайдаланылмаған сомаларын өтеуді тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті түзету кезінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарымен тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Бұл сомалар жоғары тұрған бюджет үшін нысаналы трансферттерді өтеу сомалары, ал төмен тұрған бюджет үшін – нысаналы трансферттерді өтеу жөніндегі шығыстардың сомалары болып табылады.
Қаражат аударуды төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарымен Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының тиісті бюджеттік бағдарламасы бойынша төлеуге берілетін шот және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының ұсынымы негізінде жүргізеді.
Бұл ретте төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттары мақсатқа сай пайдаланылмаған қаражатты әрбір қайтару бойынша төлеуге берілетін шоттың көшірмесін және мақсатқа сай пайдаланбауға жол берілген шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтарын қамтитын негіздеме хаттың көшірмесін үш күндік мерзімде жоғары тұрған бюджетке жеткізеді.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған бюджет қаражаты мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға қол қойылғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей тиісті бюджетке қайтарылуға жатады.";
6-тарау мынадай мазмұндағы 23-параграфпен толықтырылсын:
"23-параграф. "Құпия"";
366-тармақтың 8) тармақшасына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
383-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Салық кодексінің талаптарына сәйкес жазып берілген электрондық шот-фактураны алған кезде электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне интеграциялау арқылы төлем тапсырмасын қалыптастыру;";
390-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"390. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне, жеке тұлғаларға олардың ағымдағы шоттарына немесе банкте ашылған жинақ шоттарына жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару бойынша төлемдер жүргізу үшін төлем тапсырмаларымен бірге қағаз жеткізгіште квазимемлекеттік сектор субъектісі мемлекеттік қазынашылық органына осы Қағидаларға 140, 141, 142, 143 және 144-қосымшаларға сәйкес төлем форматында ақша алушылардың тізімдерін ұсынады.";
391-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"391. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне және жеке тұлғаларға ағымдағы шоттарға немесе жинақ шоттарына жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару бойынша төлемдер жүргізілгеннен кейін мемлекеттік қазынашылық органының жауапты орындаушысы 5-15А нысаны бойынша ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірме қалыптастырады. 5-15А нысаны операциялық күн жабылғаннан кейін қалыптасады. 5-15А нысанының әрбір беті құжатты өңдеу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қазынашылық органының жауапты орындаушысының қолымен, мөртаңбасының бедерімен куәландырылады және осы Қағидалардың 390-тармағында көзделген құжаттармен бірге квазимемлекеттік сектор субъектісіне беріледі.";
393-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"393. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі мемлекеттік қазынашылық органына:
1) жарғылық капиталды ұлғайту/қалыптастыру кезінде – бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның куәлігін не квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аудару кезіндегі басқару органдарының тиісті шешімін, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысы қоса берілген қаржы-экономикалық негіздемесін;
2) аванстық төлем сомасын қоспағанда, инвестициялық жобаны іске асыру кезінде шот-фактураны (электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден интеграцияланған) немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжатты (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісін немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құжаттың өзге де түрін ұсынады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталды қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бұрын бөлінген қаражат есебінен шығыстарды және/немесе тартылған қарыз қаражатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан өтеу кезінде квазимемлекеттік сектор субъектісі мемлекеттік қазынашылық органына Қазақстан Республикасы Үкіметінің шығыстарды өтеу жөніндегі қаулысының көшірмесін және қосымша, қарыз қаражатын тартқан кезде - кредиттік шарттың көшірмесін ұсынады.
Инвестициялық жобаны іске асыру кезінде қаржы-экономикалық негіздемеге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында қаражаттың болуына сәйкес шарт сомасынан:
барлық инвестициялық жобалар бойынша – отыз пайыздан аспайтын мөлшерде;
жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша – елу пайыздан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
Астық сатып алуды жүзеге асыру кезінде астық нарығы жөніндегі оператордың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді көктемгі-жазғы қаржыландыруға аванстық (алдын ала) төлемді аударуы жасалған шарт сомасына сәйкес жетпіс пайыздан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.
Қалған соманы аудару шот-фактура негізінде жасалған қосымша келісімге сәйкес астықты күзгі сатып алғаннан кейін жүргізіледі ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде төлем тапсырмасы интеграцияланған электрондық шот-фактура негізінде қалыптастырылады);
3) аванстық төлем сомасын қоспағанда, мемлекеттік тапсырманы орындау кезінде шот-фактура (электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден интеграцияланған) немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құжаттың өзге де түрін.
Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты квазимемлекеттік сектор субъектісі мемлекеттік тапсырманы орындау және мемлекеттік тапсырманың мақсатына қол жеткізу кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің келісімімен жасалған шарттың талаптарына сәйкес осы қаражатты екінші деңгейдегі банктердегі депозиттік шоттарда орналастыруды қоспағанда, мемлекеттік қазынашылық органындағы өзінің қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражаттың қалдықтарын екінші деңгейдегі банктегі өзінің есеп шотына аударады;
4) бюджет қаражатын үнемдеу түрінде олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша қалыптасқан қолма-қол ақшаның бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтарды бюджетке қайтару кезінде – төлем тапсырмасы және Мемлекеттік мүлік туралы заңға және Акционерлік қоғамдар туралы заңға сәйкес қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті басқару органының (құрылтайшысының) шешімін;
5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есептелген тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуден түскен қаражатты тиісті бюджеттің кірісіне аудару кезінде – төлем тапсырмасын ұсынады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін төлеуге төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор мемлекеттік қазынашылық органына ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде қалыптастырады) төлем тапсырмасын ұсынады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, мемлекеттік сатып алу саласындағы оператор:
1) төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негізділігін;
2) төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.";
395-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"395. Қаржылық қолдауды жүзеге асыру бойынша төлемдер мен аударымдарды жүргізу үшін қаржылық қолдау операторы мемлекеттік қазынашылық органына төлемнің негізділігін растайтын төлем тапсырмасы мен құжаттарды: тауарларды жеткізу туралы шот-фактураны немесе жүкқұжатты (актіні) немесе өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісін немесе осы Қағидаларға 112-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бағдарламаларды қаржылық қолдауды жүзеге асыру бойынша төлемді жүргізу үшін растау немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжат түрін және/немесе электрондық форматта түпкілікті алушылардың тізімін ұсынады.";
402-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"402. Республикалық бюджет комиссиясының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының шешімі негізінде есепті кезеңнің соңында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында пайдаланылмай қалған, бюджеттен алынған есепті қаржы жылының соңындағы қаражат қалдықтары:
1) бұрын қаржы-экономикалық негіздемені түзету арқылы бюджет қаражаты бөлінген бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыруға пайдаланылады;
2) жаңа қаржы-экономикалық негіздемені әзірлеу арқылы осы квазимемлекеттік сектордың осы субъектісі шеңберінде өзге де бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдаланылады;
3) акционерлік қоғамдардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, тиісті бюджетке қайтарылуға жатады.";
405 және 406 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"405. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік құпиялары бар қызметтік ақпаратты қамтитын ("Құпия" белгісі бар) объектілерді және "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бар объектілерді қоспағанда, мемлекеттік сатып алу рәсімін құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу шарттарымен жүргізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығарғаннан кейін:
тапсырыс беруші бас мердігерді анықтаған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей оны мемлекеттік қазынашылықта мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшасын бақылау шотының ашылғаны туралы жазбаша хабардар етеді;
бас мердігер тапсырыс берушіден хабарлама алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге қызмет көрсету орны бойынша мемлекеттік қазынашылық органына осы Қағидалардың 4-тарауының 5-параграфында көзделген дерекнаманы қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 111-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың кодын беруге және қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінімді, осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген хабарламаның көшірмелерін және осы Қағидаларға 146-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазынашылық сүйемелдеу кезінде контрагенттердің (өнім берушінің, қосалқы мердігердің) тізбесін (бұдан әрі - контрагенттердің тізбесі) ұсынады.
406. Мемлекеттік қазынашылық органы 405-тармақтың екінші бөлігінде санамаланған құжаттарды алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) мемлекеттік қазынашылыққа осы Қағидаларға 111-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас мердігердің кодын беруге және мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшасының бақылау шотын ашуға өтінімді;
2) тапсырыс берушінің қызмет көрсету орны бойынша мемлекеттік кіріс органына талдау жүргізу үшін контрагенттердің тізбесін жолдайды.
Бас мердігер код беруге және мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға арналған өтінімдерде көрсетілген деректемелердің және контрагенттердің тізбесінің дұрыстығын қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 406-1 және 406-2-тармақтармен толықтырылсын:
"406-1. Мемлекеттік кірістер органы мемлекеттік қазынашылық органынан түскен күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде контрагенттер тізбесі бойынша жүргізілген талдау қорытындыларын мемлекеттік қазынашылық органына жолдайды.
406-2. Контрагенттердің (өнім беруші, қосалқы мердігер) мемлекеттік кірістер органы жүргізген талдау қорытындылары бойынша теріс нәтижелер алынған жағдайда, мемлекеттік қазынашылық органы бұл туралы бас мердігерді хабардар етеді және себептерін көрсете отырып, контрагенттерге төлемдер жүргізуге арналған төлем тапсырмасын қайтарады ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қабылданбайды).
Бас мердігер контрагенттердің (өнім беруші, қосалқы мердігер) тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізген және оны осы Қағидалардың 405-тармағына сәйкес мемлекеттік қазынашылық органына ұсынған жағдайда, мемлекеттік қазынашылық және мемлекеттік кірістер органдары осы Қағидалардың 406 және 406-1-тармақтарының талаптарына сәйкес іс-әрекеттерді жүзеге асырады.";
408 және 409 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"408. Мемлекеттік қазынашылық бас мердігерге код берілген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық түрдегі хатпен берілген код туралы мемлекеттік қазынашылық органдарына хабарлайды.
Мемлекеттік қазынашылық органы мемлекеттік қазынашылықтан код берілгені туралы хатты алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бас мердігерді мемлекеттік сатып алудың берілген коды және қолма-қол ақшаның ашық бақылау шоты туралы жазбаша хабарлайды.
Бас мердігердің берілген кодын тіркеу қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылатын тиісті анықтамалықта көрсетіледі.
Мемлекеттік сатып алудың ашық қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын тіркеу осы Қағидаларға 49-қосымшаға сәйкес 5-19-нысан бойынша мемлекеттік қазынашылық органының ішкі есебінде көрсетіледі.
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелген шарттар бойынша кодтар беру және мемлекеттік сатып алу шоттарын ашу үшін қосалқы мердігерлер қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде тапсырыс берушіге қызмет көрсету орны бойынша мемлекеттік қазынашылық органына осы Қағидалардың 4-тарауының 5-параграфында көзделген дерекнаманы қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 111-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді ұсынады.
409. Мемлекеттік қазынашылық органы тиісті мемлекеттік кіріс органын қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде (мемлекеттік қазынашылық органдарында 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген шарттар бойынша) бас мердігердің, қосалқы мердігердің және мемлекеттік қазынашылық ашқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алулардың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылғаны туралы жазбаша хабардар етеді.";
417-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бас мердігер төлем тапсырмасын толтырған кезде "Төлемнің мақсаты" жолында төлемнің мақсаты, тапсырыс беруші мен бас мердігер арасында жасалған шарттың нөмірі мен күні, растайтын құжаттардың атауы, нөмірі мен күні көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы 417-1-тармақпен толықтырылсын:
"2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелген шарттар бойынша төлем тапсырмасын қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде қосалқы мердігердің қалыптастыруы үшін электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінен "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне интеграцияланған электрондық шот-фактура негіз болып табылады.";
474-тармақтың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мекеме бекітілген жоспардың бір данасын өзіне қалдырады, екінші данасын ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қазынашылық органына өзінің орналасқан жері бойынша тізіліммен екі данада ұсынады.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша мемлекеттік қазынашылық органына берген кезде мемлекеттік мекеме осы Қағидаларға 128-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспардың қалыптастырылған электрондық кескінін, сондай-ақ осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеме басшысының және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған тізілімге сканерленген бекітілген жоспарды тіркеп жібереді.";
621-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"621. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын/қосымша келісімдерін тіркеу үшін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әрбір жеке жобасы бойынша мемлекеттік қазынашылық органына "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы:
осы Қағидаларға 136-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуге арналған өтінім;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты/қосымша келісім;
тиісті бюджет комиссиясының шешімі немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы шешім;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары сараптама жүргізуге уәкілеттік берген заңды тұлғалар жүргізген бизнес-жоспарға сараптама (жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде) ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 14-1-тараумен толықтырылсын:
"14-1-тарау. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу
631-1. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер шарттарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді, сондай-ақ оларға қосымша келісімдерді тіркеуді мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органдары тіркеген "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер шарттарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерге қосымша келісімдер өнім берушіні таңдау үшін негіз болған сапаның және басқа да талаптардың өзгермейтіндігі сақталған кезде:
шартқа қатысушылардың атауы, саны немесе ауыстырылуы, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер шарттарын және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді іске асыру сомалары мен мерзімдері (оның ішінде төлем кестелері өзгерген кезде);
жасалған шарттың талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен шартты бұзған жағдайларда тіркеледі.
Тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер шартында көзделген мемлекеттік міндеттемелердің және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелердің мөлшерін өзгертуге жол берілмейді.
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттың сомасы мемлекеттің міндеттемелерін ұлғайту жағына өзгертілуге жатпайды.
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер шартын шарт тараптарының келісімі бойынша өзгертуге және бұзуға болады.
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер шарттары және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер тіркеу туралы куәлік бар болған кезде жарамды.
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер тараптар өзіне алған барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін аяқталды деп есептеледі.
631-2. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің шарттары/қосымша келісімдері және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер шартта белгіленген сомалар мен мерзімдер шегінде, сондай-ақ тиісті бюджет комиссиясының шешіміне сәйкес тіркелуге жатады.
631-3. Орталық мемлекеттік органдар мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік қазынашылыққа немесе мемлекеттік қазынашылық органына тіркеуге "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді шарттарды/қосымша келісімдерді ұсынуды олар жасалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.
631-4. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің шарттарын/қосымша келісімдерін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу мемлекеттік қазынашылыққа немесе мемлекеттік қазынашылық органына "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылатын тіркеуге арналған өтінім негізінде жүзеге асырылады.
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің шарттарын/қосымша келісімдерін және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге арналған өтінім осы Қағидаларға 136-1-қосымшаға (бұдан әрі – 136-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім) сәйкес нысан бойынша жасалады.
631-5. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің шарттарын/қосымша келісімдерін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу үшін орталық мемлекеттік органдар әрбір жеке "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді мемлекеттік қазынашылыққа "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы мына құжаттарды:
осы Қағидаларға 136-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
"толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары немесе лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша мемлекеттік міндеттемелер шартын/қосымша келісімді;
республикалық бюджет комиссиясының шешімін;
жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын немесе техникалық-экономикалық негіздеме немесе "толық бітіріп берілетін" құрылыстың ("толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша) есептік құны бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын;
лизингтік төлемдерді өтеу кестесін (лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша) ұсынады.
631-6. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің шарттарын/қосымша келісімдерді және жергілікті атқарушы органдардың лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу үшін әрбір жеке "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қазынашылық органына:
осы Қағидаларға 136-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
"толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары немесе лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша мемлекеттік міндеттемелердің шартын/қосымша келісімді;
тиісті бюджет комиссиясының шешімін;
жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын немесе техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын немесе "толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құнын ("толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша);
лизингтік төлемдерді өтеу кестесін (лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша) ұсынады.
631-7. Осы Қағидаларға 137-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер шартын/қосымша келісімін және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – 137-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелердің (шарттарды бұзу жағдайларын қоспағанда) тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.
631-8. Мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органы кейіннен тіркеу туралы куәлікті қалыптастырып (шарттарды бұзу жағдайларын қоспағанда) бес жұмыс күні ішінде өтінімді және растайтын құжаттарды қарау жолымен тіркеуді жүзеге асырады.
631-9. Осы Қағидаларға 137-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік екі данада жасалады.
Куәліктің бір данасы мемлекеттік қазынашылықта немесе мемлекеттік қазынашылық органында қалады, екінші данасы тиісінше орталық мемлекеттік органға немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беріледі.
631-10. Осы Қағидаларға 137-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлікке мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органы қол қояды, жауапты орындаушы құжатты өңдеу күнін қойып, мөрмен ресімделеді.";
көрсетілген Қағидаларға 64, 65, 66 және 67-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 95-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 111-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 113-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 120 және 120-қосымшалар осы бұйрыққа 8 және 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 132-қосымша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 11 және 12-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Қағидалар 136-1 және 137-1-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетілген Қағидаларға 140-қосымша осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 143-қосымша осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 145-қосымша осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Қағидалар 146, 147, 148, 149, 150, 151 және 152-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев | 
| Бұйрығына 1-қосымша 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 64-қосымша | 
__________________________________________________________________
(мемлекеттік қазынашылық органы)
Ақша алушыны ақша алушы анықтамасына енгізуге өтінім
Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың коды
_______________________________________
Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың атауы__________________________________________________________________
| № | Ақша алушының атауы | Ақша алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Резиденттік елі | Банктік сәйкестендіру коды | Жеке сәйкестендіру коды | Бенефициардың коды (экономика секторы) | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 
Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың басшысы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөр орны
Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың бас бухгалтері
_______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөртабан орны
| Бұйрығына 2-қосымша 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 65-қосымша | 
_________________________________________________________________
(мемлекеттік қазынашылық органы)
Ақша алушыны ақша алушы анықтамасына енгізуге өтінім
Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың коды
_______________________________________
Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың атауы
__________________________________________________________________
| № | Ақша алушының атауы | Ақша алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Резиденттік елі | Банктік сәйкестендіру коды | Жеке сәйкестендіру коды | Бенефициардың коды (экономика секторы) | Жеткізушінің қайта қалыптасуына дейінгі коды | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 
Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың басшысы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөр орны
Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың бас бухгалтері
___________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөртабан орны
| Бұйрығына 3-қосымша 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 66-қосымша | 
 __________________________________________________________________
(мемлекеттік қазынашылық органы)
Ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге арналған өтiнiм
Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың коды
_______________________________________
Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың атауы
__________________________________________________________________
| № | Ақша алушының нөмірі (қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда бұл жол толтырылмайды) | Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесіне енгiзiлген ақпарат (атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды (экономика секторы), резиденттік елі) | Өзгертілуі қажет ақпарат (атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды (экономика секторы), резиденттік елі, қайта ұйымдастырылғанға дейін өнім берушінің коды) | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 
Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың басшысы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөр орны
Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың бас бухгалтері
___________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөртабан орны
| Бұйрығына 4-қосымша 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 67-қосымша | 
 __________________________________________________________________
(мемлекеттік қазынашылық органы)
Ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге арналған өтінім 
Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың коды
_______________________________________
Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың атауы
__________________________________________________________________
| 
  | Ақша алушының нөмірі (қағаз жүзінде ұсынылған жағдайда бұл жол толтырылмайды) | Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесіне енгiзiлген ақпарат (атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды (экономика секторы), резиденттік елі) | Өзгертілуі қажет ақпарат (атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды (экономика секторы), резиденттік елі) | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 
Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың басшысы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөр орны
Мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың бас бухгалтері
___________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөртабан орны
| Бұйрығына 5-қосымша 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 95-қосымша | 
Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінім
1. Шот нөмірі ____________________________________________
Астана қаласының қазынашылық департаменті
2. Өтінім нөмірі _________________________
3. ___________________________________________ төлеуіңізді сұраймыз
(валюта түрі) (төлеуге жататын сома санмен және жазбаша)
Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алу туралы өтініммен жүгінеміз және өзіміздің мыналармен келісетінімізді растаймыз:
А. Осы өтінімде қамтылатын тауарлар мен қызметтер қарыз туралы шартқа (байланысты грантқа) сәйкес сатып алынды немесе сатып алынып жатыр.
Б. Шығыстар келісімшарттарда немесе басқа да құжаттарда аталған тауарларға немесе қызметтерге байланысты ғана жүргізілді немесе қазірге кезде жүргізілуде.
| Шығыстар сипаттамасы | Төлем нұсқаулығы | 
| 4. Мердігердің/өнім берушінің атауы және мекенжайы. | 8. Төлем алушының атауы мен мекенжайы | 
| 
5. Өнім беру деректемелері: | 9. Қаражатты алушы банктің атауы мен деректемелері және шот нөмірі | 
| 2) шартты (қосымша келісімді) тіркеу туралы хабарламаның нөмірі және күні (мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелген азаматтық құқықтық мәмілелерге қатысты толтыру) | 10. Төлемді алушы банк-корреспонденттің атауы мен деректемелері | 
| 3) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қысқаша сипаттамасы | 11. Арнайы төлем нұсқаулықтары, шот-фактура туралы ақпарат | 
| 4) шарттың (келісімшарттың) валютасы және жалпы құны | 
12. _____________________________ | 
| 
5) өтінімде қамтылған шот-фактуралардың жалпы сомасы | 
13. _____________________________ | 
| 6. Алуға қабылданған қаражат ерекшелігі | |
| 
7. ____________________________ | 
| Бұйрығына 6-қосымша 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 111-қосымша | 
 __________________________________________________________________
(мемлекеттік қазынашылыққа/мемлекеттік қазынашылық органына)
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық қолдау операторларына, дербес білім беру ұйымына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторға, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерге, мемлекеттік сатып алуға кодтар беруге және қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға өтінім __________ жылғы "___" __________
| Атауы және коды | Орналасқан жері | Экономика секторы | Резиденттік елі | Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Бизнес сәйкестендіру нөмірі | Мемлекеттік тіркелімге енгізілген мекенжайы, телефон, факс | Негіздеме (негізінде заңды тұлға құрылған нормативтік құқықтық акт) | Негіздеме (ақша қаражаты бөлінетін нормативтік құқықтық акт және қаражат бөлінетін бюджет деңгейі) | Шот түрі | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың, қазынашылық сүйемелдеу шеңберіндегі бас мердігердің (мемлекеттік қазынашылық органының) басшысы
__________________________________________________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Мөр орны
Жауапты орындаушының белгісі
________ жылғы "___" ________ _______________________ ашылды
(квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің коды)
________ жылғы "___" ________ _______________________ ашылды
(квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты)
Жауапты орындаушы _______________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
| Бұйрығына 7-қосымша 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 113-қосымша | 
Тапсырыс беруші қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде
__________________________________________________________________
Қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігер (өнім беруші)
__________________________________________________________________
Құрылыс объектісі _________________________________________
Төлем сертификаты № _____ __________ жылғы "___" __________
| № | Шарт (нөмірі, күні) * | Шарттың жалпы құны (теңгемен) * | Шығындардың атауы | Сомасы (теңгемен) | 
Құжат-негіздеме | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 
| 1 | |||||
| 2 | |||||
| 3 | |||||
| Барлығы төлеуге: | |||||
Тапсырыс беруші қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөр орны
Қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігер (өнім беруші)
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөр орны
Ескерту:
* қызметкерлерге жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға екінші деңгейдегі банкте ашылған олардың ағымдағы немесе жинақ шоттарына басқа да төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік жарналарды, ерікті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) жарналарды аудару жөніндегі төлемдерді жүргізу кезінде әлеуметтік медициналық сақтандыру, сақтандырудың жинақтаушы түрінің шарттары бойынша төлемдер, сондай-ақ салықтар және басқа да міндетті төлемдер 2, 3 және 6-бағандар толтырылмайды.
| Бұйрығына 8-қосымша 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 120-қосымша | 
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шоттарындағы уақытша бос қаражаты туралы ақпарат
Аймақ: ______________________________
Бюджет түрі: _________________________
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің атауы: ________
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің коды __________________
Мерзімі: ________ бастап __________________
Өлшем бірліктері: мың теңге
| Квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды | Квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы | Кіріс қалдығы | Дебет | Кредит | Кезеңге арналған сальдо | Шығыс қалдық | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 
| Есеп бойынша жиыны: | 
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы _____________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
Мөр орны
| Бұйрығына 9-қосымша 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 121-қосымша | 
 __________________________________________________________________
мемлекеттік қазынашылық (мемлекеттік қазынашылық органы)
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің атауын өзгертуге өтінім __________ жылғы "___" __________
| № | Квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің коды | Квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің бұрынғы атауы | Квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің жаңа атауы | Өзгеріс енгізуге негіздеме | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың, қазынашылық сүйемелдеу шеңберіндегі бас мердігердің (мемлекеттік қазынашылық органының) басшысы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөр орны
| Бұйрығына 10-қосымша 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 132-қосымша | 
Ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының үкіметтік сыртқы қарызының немесе байланысты грантының, сыртқы қарызының ерекше мәртебесі бар сыртқы қарызының қаражатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарызының қолма-қол ақшаны бақылау шотынан алуға арналған өтінім
1. Шот № ____________________________
2. Өтінім № _________________________
3. ___________________________________________ төлеуіңізді сұраймыз
(валюта түрі) (төлеуге жататын сома, санмен және жазбаша)
Үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты грант қаражаттарын алу, ерекше мәртебесі бар республикалық мыңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының үкіметтік сыртқы қарызы туралы өтініммен жүгінеміз және осымен өзіміздің мыналармен келісетінімізді растаймыз:
А. Осы өтінімде қамтылатын тауарлар мен қызметтер қарыз туралы шартқа (байланысты грантқа) сәйкес сатып алынған немесе сатып алынып жатыр, бағалы қағаздарды шығару проспектінің немесе оны алмастыратын өзге құжаттың шарттары бойынша.
Б. Шығыстар келісімшарттарда немесе басқа да құжаттарда аталған тауарларға немесе қызметтерге қатысты ғана жүргізілді немесе қазіргі кезде жүргізілуде.
| Шығыстар сипаттамасы | Төлем нұсқаулығы | 
| 4. Мердігердің/өнім берушінің атауы және мекенжайы. | 8. Төлем алушының атауы мен мекенжайы | 
| 
5. Өнім беру деректемелері: | 9. Қаражатты алушы банктің атауы мен деректемелері және шот № | 
| 2) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қысқаша сипаттамасы | 10. Төлемді алушы банк-корреспонденттің атауы мен деректемелері | 
| 3) шарттың (келісімшарттың) валютасы және жалпы құны | 11. Арнайы төлем нұсқаулықтары, шот-фактура туралы ақпарат | 
| 4) өтінімде қамтылған шот-фактураның жалпы сомасы (ұстап қалулардың және басқада ұстап қалуларды есептемегенде) | 
12. _______________________________ | 
| 6. Алуға қабылданған қаражат ерекшелігі | 
13. _______________________________ | 
| 
7. ___________________________ | 
| Бұйрығына 11-қосымша 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 136-1-қосымша | 
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер шартын/қосымша келісімін және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге өтінім __________ жылғы "___" __________
Бюджеттің түрі _________
Орталық мемлекеттік орган/бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган
___________________________________________________
Өңір __________
| Жобаның атауы | |
| Тапсырыс берушінің атауы | |
| Өнім берушінің атауы | |
| Құжат-негіздеме | |
| Шарт сомасы | |
| Шарттың қолданыс мерзімі | 
Орталық мемлекеттік органның/бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органның басшысы ________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөр орны
| Бұйрығына 12-қосымша 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 137-1-қосымша | 
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер шартын/қосымша келісімін және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу туралы куәлік
Қала _____ жылғы "___" __________
Осымен _____________________________________________________
(мемлекеттік қазынашылық/мемлекеттік қазынашылық органы)
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша мемлекеттік міндеттемелер шартын/қосымша келісімін нөмірмен тіркейді _______
| Жобаның атауы | |
| Тапсырыс беруші | |
| Өнім беруші | |
| Шарт сомасы | |
| Шарттың қолданыс мерзімі | |
| Тіркеу туралы куәлікті беру үшін негіздеме | 
Мемлекеттік қазынашылық/мемлекеттік қазынашылық органының басшысы
________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөр орны
| Бұйрығына 13-қосымша 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 140-қосымша | 
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және зейнетақы төлемдері бойынша төлемдерді аудару үшін МТ-002 төлем форматы
{1: F010000000000000000000002}
{2:I102SGROSS000000U3003}
{4:
:20:REFERENCE
:50:/D/Қазынашылықтағы жөнелтушінің жеке сәйкестендіру коды
/NAME/Ақша жөнелтушінің атауы
/IDN/Ақша жөнелтушінің бизнес-сәйкестендіру номер
/CHIEF/Ақша жөнелтуші мекеменің басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
/MAINBK/Ақша жөнелтуші мекеменің бас бухгалтерің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
/IRS/Ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі
/SECO/Ақша жөнелтушінің экономика секторы
:52B: Қазынашылықтағы ақша жөнелтушінің банктік сәйкестендіру коды
:57B: Ақша алушының банктік сәйкестендіру коды
:59: Ақша алушының жеке сәйкестендіру коды
/IDN/Ақша алушының бизнес сәйкестендіру №
/NAME/Ақша алушының атауы
/IRS/Ақша алушының резиденттік белгісі
/SECO/Ақша алушының экономика саласы
:70:
/NUM/Төлеуге берілетін шоттың/ төлем тапсырмасының №
/VO/01
/DATE/Төлеуге берілетін шоттың/ төлем тапсырмасының жылы айы күні
/SEND/07
/KNP/Төлем белгілеу коды
/PSO/01
/PRT/05
/ASSIGN/Төлем тағайындамасы
:21:Реттік №
:32B:KZT Сома
:70:
/OPV/C(P,E,V,D)
/FM/Тегі
/NM/Аты
/FT/Әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
/DT/Тұған жылы айы күні
/IDN/Жеке сәйкестендіру №
/PERIOD/Төлемнің айы жылы
:21 Реттік №
:32B:KZTСома
:70:
/OPV/C(P,E,V,D)
/FM/Тегі
/NM/Аты
/FT/ Әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
/DT/Тұған жылы айы күні
/IDN/Жеке сәйкестендіру №
/PERIOD/Төлемнің айы жылы
:32A: Төлемнің жылы айы KZTҚорытынды сомасы
-}
Ескерту:
/OPV/C – міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде;
/OPV/P – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде;
/OPV/E – жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде;
/OPV/V – ерікті зейнетақы жарналарын аудару кезінде;
/OPV/D – зейнетақы төлемдерін аудару кезінде.
| Бұйрығына 14-қосымша 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 143-қосымша | 
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша төлемдерді аудару үшін МТ-005 төлем форматы
{1: F010000000000000000000005}
{2:I102SGROSS000000U3003}
{4:
:20:REFERENCE
:50:/D/Қазынашылықтағы жөнелтушінің Жеке сәйкестендіру коды
/NAME/ Ақша жөнелтушінің атауы
/IDN/ Ақша жөнелтушінің бизнес-сәйкестендіру №
/CHIEF/ Ақша жөнелтуші мекеменің басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
/MAINBK/Ақша жөнелтуші мекеменің бас бухгалтерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
/IRS/Ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі
/SECO/Ақша жөнелтушінің экономика саласы
:52B:Қазынашылықтағы ақша жөнелтушінің банктік сәйкестендіру коды
:57B:Ақша алушының банктік сәйкестендіру коды
:59:Ақша алушының Жеке сәйкестендіру коды
/IDN/Ақша алушының бизнес-сәйкестендіру №
/NAME/Ақша алушының атауы
/IRS/Ақша алушының резиденттік белгісі
/SECO/Ақша алушының экономика саласы
:70:
/NUM/Төлеуге берілетін шоттың/төлем тапсырмасының №
/VO/01
/DATE/Төлеуге берілетін шоттың/төлем тапсырмасының жылы айы күні
/SEND/07
/KNP/Төлем тағайындау коды
/PSO/01
/PRT/05
/ASSIGN/Төлем тағайындау
:21:Реттік №
:32B:KZTСома
:70:
/OPV/R(M)
/FM/Тегі
/NM/Аты
/FT/Әкесінің аты (ол болған жағдайда)
/DT/Тұған жылы айы күні
/IDN/ Жеке сәйкестендіру №
/PERIOD/Төлемнің айы жылы
:21: Реттік №
:32B:KZTСома
:70:
/OPV/R(M)
/FM/Тегі
/NM/Аты
/FT/ Әкесінің аты (ол болған жағдайда)
/DT/Тұған жылы айы күні
/IDN/ Жеке сәйкестендіру №
/PERIOD/Төлемнің айы жылы
:32A:Төлемнің жылы айы KZTҚорытынды сомасы
-}
Ескерту:
/OPV/R – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар бойынша төлемдері кезінде;
/OPV/М – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша төлемдерді кезінде.
| Бұйрығына 15-қосымша 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 145-қосымша | 
 __________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Бас мердігердің қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде жүргізген төлемдері туралы мәліметтер __________ жылғы "___" __________
| № | Жоба коды | Жөнелтушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі | Жөнелтушінің атауы | Алушының бизнес сәйкестендіру нөмірі | Алушының атауы | Шарт (күні, нөмірі) | Төлем тапсырмасының нөмірі және күні | Сомасы, теңге | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 
Мемлекеттік қазынашылық органының басшысы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөр орны
Мемлекеттік қазынашылық органының жауапты орындаушысы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөртабан орны
| Бұйрығына 16-қосымша 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 146-қосымша | 
 __________________________________________________________________
(мемлекеттік қазынашылық органының/мемлекеттік кірістер органының атауы)
Қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде контрагенттердің тізбесі (өнім беруші, қосалқы мердігер) __________ жылғы "___" __________
| № | Контрагенттің атауы (өнім беруші, қосалқы мердігер) | Контрагенттің жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі (өнім беруші, қосалқы мердігер) | Жеке сәйкестендіру коды/ контрагенттің банктік сәйкестендіру коды (өнім беруші, қосалқы мердігер) | Контрагенттің заңды мекенжайы (өнім беруші, қосалқы мердігер) | Қазынашылық сүйемелдеуге жататын құрылыс объектісінің атауы | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 
Қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігер (өнім беруші) (мемлекеттік қазынашылық органының басшысы)
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөр орны