Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 6-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өкілді органдарға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бюджеттік процесті ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнамасы мен құқықтық ақпарат институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Такиев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 270 бұйрығымен бекітілген |
Өкілді органдар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бюджет процесін ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өкілді органдар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бюджет процесін ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 6-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік аудит және бюджет процесін мониторингтеу мақсатында өкілді органдар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бюджет процесін ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджет процесі – бюджет процесіне қатысушылардың бюджетті болжау, жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, секвестрлеу және түзету, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мониторинг және нәтижелерді бағалау кезеңдеріндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында регламенттелген қызметі;
2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді, өз құзыреті шегінде бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) бюджет процесі саласындағы интегратор (бұдан әрі – интегратор) – жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, уәкілетті орган айқындайтын және бюджет процесін цифрландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ету функциялары жүктелген заңды тұлға;
5) өкілді органдар – Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттар.
6) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау (бұдан әрі – МАҚБ) органдары – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары; ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ олардың ведомстволарының ішкі аудит қызметтері; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдардың бірінші басшысының шешімі бойынша штаттық құрам шегінде құрылатын ішкі аудит қызметтері.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, өкілді органдар мен МАҚБ органдардың тиісті ақпараттық жүйелері болған кезде, ақпаратқа қолжетімділік интеграциялау арқылы беріледі. Ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндеттер атқарушы 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 (Нормативтік қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелді) бұйрымен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес іске асырылады.
2-тарау. Бюджет процесін ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділік беру тәртібі
4. Осы Қағидаларға сәйкес Интегратор өкілді органдар мен МАҚБ органдарына "е-Қаржымині" біріктірілген автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің "Талдамалық орталық" ішкі жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді, оның ішінде интеграциялық өзара әрекеттесу арқылы Мемлекеттік жоспарлау (бюджеттік жоспарлау) ақпараттық жүйесінің деректері де бар.
бюджет процесін ақпараттандыру объектілеріне "е-Қаржымині" біріктірілген автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің "Талдамалық орталық" ішкі жүйесі және Мемлекеттік жоспарлау (бюджеттік жоспарлау) ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – бюджет процесінің ақпараттық жүйелері).
5. Мемлекеттік аудит және бюджет процесін мониторингтеу мақсатында интегратор өкілді органдар мен МАҚБ органдардың жұмысшыларына уәкілетті органға жіберілген өтініші негізінде осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес оқу (көру) режимінде бюджет процесін ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділік береді.
6. Интегратор пайдаланушының мемлекеттік органы құзыретіне сәйкес бюджет процесінің ақпараттық жүйелерінде тиісті рөлдерді әзірлейді.
Ақпаратқа қолжетімділік құқықтары былайша ұсынылады:
Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Жоғарғы аудиторлық палатасына, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға – республикалық бюджет туралы заңнамасында көрсетілген және жергілікті бюджет бойынша бар ақпарат;
мәслихатқа, ревизиялық комиссияларға – осы орган жұмыс істейтін өңірдің жергілікті бюджеті бойынша ақпарат;
орталық мемлекеттік органның ішкі аудит қызметіне – жұмыс істейтін мемлекеттік орган бюджеті бойынша ақпарат;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның ішкі аудит қызметіне – осы ішкі аудит қызметі жұмыс істейтін өңірдің бюджеті бойынша ақпарат;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдардың ішкі аудит қызметтеріне – осы аумақтық орган жұмыс істейтін өңір бойынша 252 "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы" немесе 352 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы" бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеті бойынша ақпарат.
7. Интегратор пайдаланушыларға пайдаланушылардың нұсқаулықтары ұсынылады.
8. Бюджет процесінің ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу үшін өкілді органдар, сондай-ақ МАҚБ органдары уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша персоналды басқару жөніндегі E-Qyzmet бірыңғай ақпараттық жүйесінен сәйкестендіру QR-коды бар өтінішті электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қарау және қол жеткізуді ұсыну үшін Интеграторға жіберу үшін жібереді.
9. Уәкілетті орган өтінішті 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды және Интеграторға жібереді. Интегратор өтініш келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде рұқсат береді.
Пайдаланушылар базасын өзектендіру мақсатында пайдаланушыларға қолжетімділік 1 (бір) күнтізбелік жыл мерзімге беріледі.
Пайдаланушы жұмыс істейтін мемлекеттік орган қызметкердің өкілеттігі тоқтатылған (жұмыстан босатылған, басқа лауазымға ауыстырылған) күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бюджет процесінің ақпараттық жүйесінде есепке алу жазбасын бұғаттауға өтінім жібереді.
10. Интегратормен әзірленген бюджет процесінің ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған модификациялаулар уәкілетті орган немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен өз құзыреті шегінде келісуге және бекітуге еркін түрде құрастырылған бағдарламалық құралды өзгерту сұрауына негізінде жатады.
11. Бюджет процесінің ақпараттық жүйелерін пайдаланушыларға аутентификация мақсатында мемлекеттік органның заңды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы талап етіледі.
12. Интегратор уәкілетті органмен келісу бойынша өкілді органдар мен МАҚБ органдарының қызметкерлері үшін бюджет процесінің ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтар мен онлайн-сабақтар әзірлейді. Интегратор ұсынатын ақпарат бюджет процесінің ақпараттық жүйелерінде пайдаланушының дербес жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған. Интегратор пайдаланушыларды интерактивті форматта қазақ және орыс тілдерінде оқытуды ұйымдастырады және жүргізеді.
13. Бюджет процесінің ақпараттық жүйелеріне қол жеткізген қызметкерлер бюджет процесі жүйесінде жұмыс басталғанға дейін Интегратор әзірлеген нұсқаулықтарға сәйкес оқытудан өтеді. Интегратор уәкілетті органға пайдаланушыларды оқыту туралы есепті оны өткізген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.
14. Өкілді органдар мен МАҚБ органдарының қызметкерлері бюджет процесінің ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеу немесе басқа техникалық және ұйымдастыру мәселелері бойынша сұрақтар туындаған жағдайда консультациялар алу үшін тиісті ақпараттық жүйелердің қолдау қызметіне жүгінеді.
15. Бюджет процесін ақпараттандыру объектілерінде жұмыс істеу барысында пайдаланушының мемлекеттік органы сертификатталған құрылғылар мен бағдарламалық жасақтаманы пайдаланады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды және қол жеткізу шектелген ақпаратпен жұмыс жасау жөніндегі заңнамалық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. Пайдаланушылар бюджет процесін ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып алған деректерді үшінші тұлғаларға бермейді. Жеке ақпараттық құрылғыларды пайдалануға, сондай-ақ логиндерді, құпия сөздерді және электрондық цифрлық қолтаңбаны беруге жол берілмейді.
Өтініш
Біздің ұйымның төмендегі кестеде көрсетілген қызметкерлеріне лауазымдық міндеттемелерін орындау үшін оқу режимінде бюджет процесінің ақпараттық жүйелерін:
-"е-Қаржымині" біріктірілген автоматтандырылған ақпараттық жүйесі ("Талдамалық орталық" ішкі жүйесі),
-Мемлекеттік жоспарлау (бюджеттік жоспарлау) ақпараттық жүйесі
(қажеттінің астыны сызу) қолжетімділік беруді сұраймыз.
№ |
Тегі Аты Әкесінің аты | Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | Лауазымы, құрылымдық бөлімше | Персоналды басқару бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе E-Qyzmet-тен сәйкестендiру QR-коды | Пайдаланушының байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық мекенжайы) | Қолжетімділік мақсаты |
Ұйым басшысы _______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Орындаушының телефон нөмірі: Электрондық пошта мекенжайы: