Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Алатау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алатау қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салық мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) табыс бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Алатау қаласы мәслихатының төрағасы | Р. Абилова |