"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бесағаш ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бесағаш ауылдық округінің Бесағаш ауылындағы атауы жоқ көшеге Таңбалытас атауы берілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бесағаш ауылдық округінің әкімінің м.а. | А. Рамазанов |