Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілікті ететін Талғар ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Талғар аудандық мәслихатының төрағасы | М. Алибеков |