"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 22 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Аса ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауданы Аса ауылдық округі Аса ауылындағы Жаңа құрылыс 1-көшесіне Әсет Кемпіреков көшесі, Жаңа құрылыс 2-көшесіне Райымбек Тілепов көшесі атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аса ауылдық округінің әкімі | Т. Булекбаев |