"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бақанас ауылдық округіне қарасты Үшжарма ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2025 жылғы 27 наурыздағы Алматы облысының онамастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бақанас ауылдық округіне қарасты Үшжарма ауылындағы "Лесная" көшесіне "Іле" көшесі деп қайта атау берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Э. Байгуатова |