"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48, 50-баптарына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес Қонаев қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. Алматы облысы Қонаев қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Қонаев қаласы әкімінің орынбасары М.Ф. Тұрсын тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | А. Бердіханов |