БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32616 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2026 жылғы 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасының бүкіл облыстарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің келесі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылсын:
"Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу";
"Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу";
"Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу";
"Сот сарапшыларын аттестаттау";
"Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау";
"Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау";
"Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру";
"Сот сарапшысының біліктілігін беру".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының әділет және жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы |
_______Р. Коняшкин |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі | _______Е. Сарсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі