Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1-бабына сәйкес Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.
2. "Ойыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ойыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ойыл ауданының әкімі | А. Казыбаев |
| Ойыл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "30" қазандағы № 161 қаулысына қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
№ | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Ұйымдардың тізбесі |
1 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
3 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
4 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
5 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарбие ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |