Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Темір аудандық мәслихатының "Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 31 қазандағы № 88 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8431 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық мәслихатының төрағасы |
Б. Шаимов |