Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 142 - бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мұғалжар ауданы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
2. "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;
2) осы қаулыны Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. "Мұғалжар ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 336 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Мұғалжар ауданының әкімі | Д. Ермағанбетов |
| Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "25" желтоқсандағы № 449 қаулысына қосымша |
Мұғалжар ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері
№ | Мекемелердің түрлері | Қызмет түрі | Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) |
1 | "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мұғалжар аудандық әлеуметтік жәрдем орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Үйде қызмет көрсету | 2395,6 |