"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарғалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы |
С. Аманжолов |
| Қарғалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 2 мамырдағы № 308 шешіміне қосымша |
Қарғалы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1) Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 239 "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімі;
2) Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 31 "Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 239 "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі;
3) Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 102 "Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 239 "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі;
4) Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 144 "Қарғалы ауданы бойынша 2024-2025 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" шешімі;
5) Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 120 "Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" шешімі.