ЗҚАИ-ның ескертпесі!
01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 248 "Қарғалы ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7745 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарғалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Унербаев |
| Қарғалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 197 қаулысына қосымша |
|
| Қарғалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 248 қаулысына қосымша |
Қарғалы ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттін бекіту туралы
№ | Салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенті |
Қарғалы ауданы
Бадамша ауылдық округі
1 | Бадамша ауылы | 2,7 |
Кемпірсай ауылдық округі
2 | Жосалы ауылы | 2,65 |
3 | Кемпірсай ауылы | 2,3 |
Желтау ауылдық округі
4 | Петропавл ауылы | 2,65 |
Велихов ауылдық округі
5 | Ақжайық ауылы | 2,0 |
6 | Велихов ауылы | 2,05 |
Әлімбет ауылдық округі
7 | Әлімбет ауылы | 2,65 |
Қос Естек ауылдық округі
8 | Қос Естек ауылы | 2,65 |
Ащылысай ауылдық округі
9 | Ащылысай ауылы | 2,65 |
10 | Преображеновка ауылы | 2,3 |
11 | Ақкөл ауылы | 1,85 |
12 | Бозтөбе ауылы | 2,0 |
Степной ауылдық округі
13 | Степной ауылы | 2,65 |
14 | Қайрақты ауылы | 2,65 |
Шәмші Қалдаяқов ауылы
15 | Шәмші Қалдаяқов ауылы | 2,65 |