Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабының 7-тармағына және 6-бабының 2-тармағына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі нұсқасын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қамтамасыз етсін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Унербаев |
Қарғалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "05" қыркүйектегі № 172 қаулысына қосымша |
Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
Р/с № | Автомобиль жолдарының индекксі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, шақырымы (километр) |
1 | KD-KA-51 | Қарабұтақ-Бадамша | 24,86 |
2 | KD-KA-52 | Кемпірсай-Ащылысай | 22,46 |
3 | KD-KA-53 | Донское-Бадамша-Қайрақты "Ақтөбе-Орск" | 22,36 |
4 | KD-KA-54 | Бородиновка-Степной | 23,01 |
5 | KD-KA-55 | "Ақтөбе-Орск"-Анастасьевка-Ащылысай | 39,72 |
6 | KD-KA-56 | "Ақтөбе-Орск"-Сарыбұлақ | 12,0 |
7 | KD-KA-57 | "Ақтөбе-Орск"-Велихов-Ақжайық | 16,0 |
8 | KD-KA-58 | "Kargala Resort"-қа кіреберіс | 3,15 |
9 | KD-KA-59 | Қос Естек ауылына кіреберіс | 1,0 |
10 | KD-KA-60 | "Қасқыр сарқырамасына" кіреберіс | 5,0 |
11 | KD-KA-61 | Қайрақты ауылына кіреберіс | 1,5 |
12 | KD-KA-62 | Степной ауылына кіреберіс | 2,0 |
13 | KD-KA-63 | Ш.Қалдаяқов ауылына кіреберіс | 1,79 |
Барлығы | 174,85 |