"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 31 шілдедегі № 2 қорытындысына сәйкес, Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі Кенжалы ауылындағы атауы жоқ көшеге "Ақтоғай" атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі | А. Ергалиев |