Жария сервитут белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 8 қазандағы № 245 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "БИДЖИПИ" Геофизикалық қызметтер (Қазақстан)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің "Батыс Жарқамыс ІІ" учаскесінен жалпы алаңы 941,68 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 1 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин ауданының әкімі А. Купенов

Об установлении публичного сервитута

Постановление акимата Байганинского района Актюбинской области от 8 октября 2025 года № 245

      В соответствии с подпунктом 1-1) статьи 17, пунктом 4 статьи 69 Земельного кодекса Республики Казахстан, статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Байганинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут на земельный участок расположенный на территории Жаркамысского сельского округа Байганинского района участке "Батыс Жарқамыс ІІ", общей площадью 941,68 гектаров без изъятия у землепользователей, для разведки полезных ископаемых Товариществу с ограниченной ответственностью "БИДЖИПИ Геофизические услуги (Казахстан)", сроком на 1 лет.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Байганинского района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Аким Байганинского района А. Купенов