Байғанин ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин ауданы әкімінің "Байғанин ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3775 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
№ 199, № 203, № 212 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
1) "№ 199 сайлау учаскесі
Жарлы ауылы, Ардагерлер көшесі, № 7, Жарлы ауылдық клубының ғимараты.
Сайлау учаскесiнiң шекаралары: Жарлы, Жыңғылдытоғай ауылдары, № 174 разъезд және осы елді мекенге қарасты барлық қоныстар.";
2) "№ 203 сайлау учаскесі
Ебейті ауылы, Жағалау көшесі, № 2, "Ақтөбе облысының білім басқармасы Байғанин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қопа орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Сайлау учаскесiнiң шекаралары: Ебейті, Көптоғай ауылдары және осы елді мекенге қарасты барлық қоныстар.";
3) "№ 212 сайлау учаскесі
Бұлақтыкөл ауылы, Соркөл көшесі, № 3А, "Ақтөбе облысының білім басқармасы Байғанин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бұлақтыкөл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Сайлау учаскесiнiң шекаралары: Бұлақтыкөл ауылы және осы елді мекенге қарасты барлық қоныстар.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Байғанин ауданының әкімі | А. Купенов |
|
КЕЛІСІЛДІ: Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |