Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпанындағы "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 19 бабы 3 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі "Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы" № 147 бұйрығына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 ақпанындағы № 51 қаулысымен бекітілген "Жастар ресурстық орталығы" КММ Ережесіне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. "Алға аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А. Жексембаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесін Әділет басқармасында тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Шүйіншәлиев |
Алға қаласы, 2025 жыл
| Алға ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "8" қазандағы № 270 қаулысымен “БЕКІТІЛГЕН” |
"Алға аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жастар ресурстық орталығы туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6-бабының 13-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 115) тармақшасына сәйкес әзірленді және аудандық жастар ресурстық орталығының (бұдан әрі-Ресурстық орталық) мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
2. Мекемені түрі: коммуналдық.
3. Мекеме Алға ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы №11 қаулысымен құрылды.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы: "Алға ауданы әкімінің аппараты" ММ.
5. Жастар ресурстық орталығы жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызмет көрсету мақсатында құрылады.
6. Жастар ресурстық орталығы жастардың қажеттіліктері мен мүдделері негізінде жастарға әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
7. Ресурстық орталықты құру, олардың қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру ауданның жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады.
8. Ресурстық орталықтың өз мөртаңбасы, мөрі, қазақ тілінде және орыс тілінде өз атауы бар фирмалық бланкілері, қазынашылық органдарында және банкте есеп айырысу шоты болады.
9. Ресурстық орталықтың басшысы функционалдық міндеттерін айқындайды және ресурстық орталық қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.
10. Ресурстық орталық өз Конституцияның, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтің қаулылары, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені және олардың негізінде әзірленген жарғыларды басшылыққа алады.
11. Ресурстық орталық өз қызметін Ресурстық орталықтың мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал ететін мүдделі мемлекеттік органдармен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
12. Мекеменің тиісті саласы бойынша уәкілетті органы "Алға аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.
13. Мекеме мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган "Алға аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік бойынша Уәкілетті орган) болып табылады.
14. Мекеменің толық атауы – "Алға аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
15. Мекеменің тұрған жері: 030200, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы, мөлтек ауданы, 4 үй.
2-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
16. "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемелкеттік мекемесінің заңнамада кзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ з қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
17. "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
18. Егер заңнамада згеше көзделмесе "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің зіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
3-тарау. Ресурстық орталықтардың міндеттері мен функциялары
19. Ресурстық орталық Жастар жобалары мен бағдарламаларын іске асыру, бейресми білім беру, бастамаларды қолдау және жастарға консультациялық қолдау көрсету және жастардың өзін-өзі дамуы үшін жағдай жасау арқылы жастармен жұмыс жүргізеді.
20. Ресурстық орталықтың қызметін жоспарлау және жүзеге асыру жастар мен жастар ұйымдарының қажеттіліктері мен мүдделеріне негізделеді.
21. Ресурстық орталықтың қызметі Ресурстық орталықтың ғимаратында және жастар көп жиналатын жерлерде жүзеге асырылады.
22. Ресурстық орталық өзінің құрылымдық бөлімшелері – жастарға қызмет көрсету орталығының, аудандық бөлімдерінің, кенттер мен ауылдардағы қызметін үйлестіреді және олардың қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен айналысады.
23. Ресурстық орталықтың негізгі міндеттері:
1) ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру;
2) жастардың бастамаларын консультациялық сүйемелдеу және қолдау;
3) жастар ортасындағы жағдайға талдау және мониторинг жүргізу.
24. Ресурстық орталық қызметінің бағыттары бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындауға жәрдемдесу:
жастарға Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру;
soft-skills дамыту бойынша курстар өткізу-түйіндемені сауатты құрастыру, коммуникативтік дағдылар, әңгімелесуден тиімді өту әдістері;
жастар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу, кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және лайықты еңбек мәселелері бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
2) бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, құзыретін және дербестігін дамыту:
өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу (азаматтық белсенділік, командада жұмыс істеу, сыни ойлау, креативтілік, ынтымақтастық, жауапкершілік, эмоцияларды басқару), жастардың құзыреті мен дербестігі;
өмірлік маңызды дағдылар мен бейресми білімді дамытуға бағытталған жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.
3) жастар арасында сандық сауаттылықты арттыруға және жаңа технологияларды дамытуға жәрдемдесу:
цифрлық және медиа сауаттылық мәселелері бойынша жастарға кеңес беру;
жастарға арналған цифрлық және медиа сауаттылық бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру;
робототехника, бағдарламалау және ақпараттық технологиялар бойынша үйірмелер мен клубтардың қызметін ұйымдастыру.
4) жастарға психологиялық көмек көрсету;
психологпен жеке және эмоциялық мәселелер бойынша кеңес беру;
жастармен психологиялық тренингтер мен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу;
жастардың психикалық денсаулығы бойынша жастар жобаларын әзірлеу және іске асыру.
5) жастарға өтеусіз негізде консультациялық және заң көмегін көрсету:
жастар мен жастар ұйымдары үшін заң кеңестерін көрсету;
жастар арасында құқықтық сауаттылық бойынша курстар ұйымдастыру және өткізу;
жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу;
жастар ұйымдары үшін заң көмегін көрсету.
6) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу:
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мәселелері және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;
кәсіпкерлік құзыреттер бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;
жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау;
жастар арасында кәсіпкерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.
7) жастар ортасында Волонтерлік қызметті қолдау және дамыту:
волонтерлік қызмет және жас еріктілерді қолдау мүмкіндіктері туралы жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;
жастар арасында волонтерлік қызметті қолдау және дамыту бойынша оқыту курстарын, мектептерді, лагерьлерді, семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру;
жастардың волонтерлік қызметін ұйымдастыру үшін волонтерлік ұйымдармен, білім беру, мәдениет және әлеуметтік сала ұйымдарымен ынтымақтастық;
волонтерлік бастамаларды қолдау және волонтерлік ұйымдармен және жастардың бастамашыл топтарымен бірлескен іс-шараларды іске асыру;
жастар ортасында Волонтерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.
8) жас отбасылармен жұмысты қамтамасыз ету және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдесу:
отбасы-неке мәселелері бойынша жас отбасыларға кеңес беру;
некені тіркеуге өтініш берген жас адамдармен жұмыс;
қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.
9) жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету және жәрдемдесу:
жастар ұйымдарына, жастардың өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік қолдау және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық шаралары туралы кеңес беру және ақпараттандыру;
іс-шаралар өткізу үшін жастар ұйымдарын, қозғалыстарды және жастардың өзін-өзі басқару органдарын залдар мен үй-жайларды ұсыну;
жастар ұйымдарының, қозғалыстардың және жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу;
жастар ұйымдары мен жастардың өзін-өзі басқару органдарының бастамаларын қолдау;
жастар ұйымдарымен, қозғалыстармен және жастардың өзін-өзі басқару органдарымен бірлескен жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу.
10) жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау:
жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау мәселелері бойынша жастарға және жастар ұйымдарына кеңес беру және ақпараттандыру;
жобаларды басқару мәселелері бойынша жастар ұйымдары, қозғалыстар, жастардың өзін-өзі басқару органдары, жастардың бастамашыл топтары үшін курстар, мектептер, лагерьлер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;
жастар жобалары мен бағдарламалары туралы мәліметтер базасын ұйымдастыру және жүргізу;
жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде тұрақты жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және бағалау.
11) ақпараттық кеңістікті кеңейту;
12) үздік тәжірибелер каталогын құру;
13) ресурстық орталықтардың қызметін жарықтандыру;
Жоғарыда көрсетілген функциялар, олардың әрқайсысының шеңберінде мақсатты топтың қажеттілігін бағалау, жастарды жоспарлау мен бағалауға тарту, консультациялық сүйемелдеу, тренингтер өткізу, жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, жастардың бастамаларын қолдау арқылы жүзеге асырылады.
4-тарау. Ресурстық орталықтың қызметін қамтамасыз ету көздері
25. Ресурстық орталықтың қызметі, оның ішінде еңбек, ақпараттық, материалдық-теникалық ресурстар жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ Қазақстан Ресупбликасының заң актілеріне қайшы келмейтін басқа да көздерден қаржыландырылады.
26. Ресурстық орталыққа қажет болған жағдайда жергілікті бджет есебінен:
1) оқыту іс-шараларын, тақырыптық консультациялар, зерттеулер жүргізу үшін қызметтер көрсету бойынша тартылатын мамандардың еңбек ақы төлеу шығыстары;
2) ақпараттық бюллетеньдер, журналдар әзірлеу және басып шығару, веб-сайт қызметін жасау және қолдау шығыстары өтеледі.
5-тарау. Ресурстық орталықты басқару
27. Мекеменің құрылтайшысы келесі қызметтерді жүзеге асырады:
1) мекемені құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
2) мекеме ережесін бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
28. Мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеде функцияларды жүзеге асырады.
29. Мекемені жалпы басқаруды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
30. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен келесі қызметтерді жүзеге асырады:
1) мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2) мекеменің құрылымы, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін анықтайды;
3) мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
5) мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
6) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеде функцияларды жүзеге асырады. Мекеменің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді.
31. Тиісті саланың Уәкілетті органы Мекеме басшысына және орынбасарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
32. Тиісті саланың Уәкілетті органы Мекеме басшысының міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды.
33. Жастар ресурстық орталығының басышысы ресурстық орталықтың жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық жасайды, жергілікті атқарушы органның құрылымындағы атқарушы орган басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалады және босатылады.
34. Ресурстық орталықтың басшысы дара басшылық қағидаттарында қызмет етеді және олардың құзіретіне сәйкес Қазақстан Републикасының заңнамасында және осы Ережеде анықталған ресурстық орталықтың қызметіндегі мәселелерді шешеді.
35. Ресурстық орталық басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен ресурстық орталықтың қызметін жүзеге асыру барысында:
1) Ресурстық орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) барлық мекемелерде ресурстық орталықтың мүддесін ұсынады;
3) заңнамамен белгіленген жағдайлар мен шегінде мүлікті иеленеді;
4) шарттар жасайды;
5) Ресурстық орталық қызметкерлерінің Қазақстандық және шетелдік оқыту орталықтарынан білім алу, біліктілігін арттыру, іссапар, тағылымдамадан өту жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) Ресурстық орталықтың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
7) Ресурстық орталық қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін белгілейді және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
8) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды және дербес жауапкершілікте болады.
36. Ресурстық орталықтың басшылық лауазымына педагогикалық, психологиялық, экономикалық, гуманитарлық, заң білімі және жастармен жұмыс өтілі бар адамдар жіберіледі.
6-тарау. Ресурстық орталықты тарату және қайта ұйымдастыру
37. Ресурстық орталықты тарату және ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.