Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй қоры" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2025 жылғы 30 қазандағы № 335 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй қоры" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына 50 (елу) пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы А. Даржанова

Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения "Жилищный фонд акимата города Актобе" государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции города Актобе", финансируемых из местного бюджета

Решение маслихата города Актобе Актюбинской области от 30 октября 2025 года № 335

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий", маслихат города Актобе РЕШИЛ:

      1. Установить стимулирующие надбавки в размере 50 (пятидесяти) процентов к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения "Жилищный фонд акимата города Актобе" государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции города Актобе", финансируемых из местного бюджета в порядке и условиях определяемым местным исполнительным органом города Актобе.

      2. Настоящее решение вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата города Актобе А. Даржанова