Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 125-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының ортақ су пайдалану су объектілерінде көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақтөбе облысы бойынша экология
департаменті
"КЕЛІСІЛДІ"
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий
бассейндік инспекциясы
"КЕЛІСІЛДІ"
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақтөбе облысы санитарлық-
эпидемиологиялық бақылау
департаменті
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақтөбе облысы полиция
департаменті
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар
департаменті
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 192 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысының ортақ су пайдалану объектілерінде көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындар
№ | Су объектісінің атауы | Көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындар | Елді мекендер |
Ақтөбе қаласы | |||
1 | Ақтөбе су қоймасы | жағажай | Ақтөбе қаласының шекарасында, Ясный елді мекені ауданында |
2 | Елек өзені | жағажай | Ақтөбе қаласының шекарасында, "Кривое Озеро" бау-бақша ұжымы ауданында |
3 | Сазды су қоймасы | жағажай | Ақтөбе қаласының шекарасында, Строитель-2 бау-бақша ұжымы ауданында |
4 | Сазды өзені | жағажай | Ақтөбе қаласының шекарасында, шомылу тоғаны ауданында |
5 | Елек өзені | жағажай | Ақтөбе қаласының шекарасында, Қонаев көшесіндегі жаңа құрылысқа қарама-қарсы |
6 | Елек өзені | жағажай | Ақтөбе қаласының шекарасы, Кірпішті көпірі ауданында |
7 | Елек өзені | жағажай | Ақтөбе қаласының шекарасы, Нокин даңғылы-Жанқожа батыр қиылысында |
8 | Елек өзені | жағажай | Ақтөбе қаласының шекарасы, Батыс Қазақстан жәрмеңкесіне қарама-қарсы |
9 | Елек өзені | жағажай | Ақтөбе қаласының шекарасында, Ақжар көпірі ауданында |
10 | Ақтөбе су қоймасы | жағажай | Ақтөбе қаласының шекарасында, құтқару станциясы ауданында |
11 | Қарғалы өзені | жағажай | Ақтөбе қаласының шекарасында, бұрынғы "Солнечный" пионер лагері ауданында |
12 | Елек өзені | жағажай | Ақтөбе қаласының шекарасында, "Жерснаряді" ауданында |
Алға ауданы | |||
13 | Елек өзені | жағажай | Алға қаласының шекарасында, Подхоз ауданында |
14 | Елек өзені | жағажай | Бестамақ ауылдық округі |
15 | Елек өзені | жағажай | Тамды ауылдық округі |
16 | Сарықобда өзені | жағажай | Үшқұдық ауылдық округі |
17 | "Ескі" және "Жаңа" бөгеттері | жағажай | Қарақұдық ауылдық округі |
18 | Қарақобда өзеніндегі бөгет | жағажай | Қарақобда ауылы |
Әйтеке би ауданы | |||
19 | Бөгет | жағажай | Тереңсай ауылы |
20 | Ырғыз өзені | жағажай | Темірбек Жүргенов ауылдық округі |
21 | Бөгет | жағажай | Жамбыл ауылдық округі |
22 | Ырғыз өзені | жағажай | Аралтөбе ауылы |
23 | Ырғыз өзені | жағажай | Жарөткел ауылы |
24 | Ырғыз өзені | жағажай | Аралтоғай ауылдық округі |
Байғанин ауданы | |||
25 | Жем өзені | жағажай | Миялы ауылдық окургі |
26 | Жем өзені | жағажай | Жаңатаң ауылы |
27 | Жем өзені | жағажай | Жарқамыс ауылдық округі |
28 | Сағыз өзені | жағажай | Көптоғай ауылы |
29 | Сағыз өзені | жағажай | Алтай батыр ауылы |
Ырғыз ауданы | |||
30 | Ырғыз өзені | жағажай | Ырғыз ауылы |
31 | Торғай өзені | жағажай | Нұра ауылдық округі |
32 | Торғай өзені | жағажай | Жайсаңбай ауылдық округі |
Қарғалы ауданы | |||
33 | Қарғалы су қоймасы | демалыс және туризм аймағы | Желтау ауылдық округі |
34 | Қарғалы өзені | жағажай | Желтау ауылдық округі |
Мәртөк ауданы | |||
35 | Казанка бөгеті | жағажай | Мәртөк ауылдық округі |
Мұғалжар ауданы | |||
36 | Темір өзені | жағажай | Сағашилі елді мекені |
37 | Елек өзені | жағажай | Ақкемер ауылдық округі |
38 | Жем өзені | жағажай | Миялы ауылы |
39 | Тұздыкөл көлі | демалыс аймағы | Миялы ауылы |
40 | Жем өзені | жағажай | Жем қаласының шекарасында |
Темір ауданы | |||
41 | Темір өзені | жағажай | Темір қаласының шекарасында |
42 | Темір өзені | жағажай | Кеңқияқ ауылдық округі |
43 | Ойыл өзені | жағажай | Шұбарқұдық ауылдық округі |
44 | Ойыл өзені | жағажай | Қайыңды ауылдық округі |
45 | Ойыл өзені | жағажай | Алтықарасу ауылдық округі |
Ойыл ауданы | |||
46 | Ойыл өзені | жағажай | Ойыл ауылдық округі |
47 | Ойыл өзені | жағажай | Кемер ауылы |
48 | Ойыл өзені | жағажай | Көптоғай ауылдық округі |
49 | Ойыл өзені | жағажай | Қарасу ауылы |
50 | Ойыл өзені | жағажай | Ақжар ауылы |
Қобда ауданы | |||
51 | Үлкен Қобда өзені | жағажай | Қобда ауылдық округі |
52 | Егіндібұлақ 1 бөгеті | жағажай | Егіндібұлақ ауылы |
53 | Бала Қобда өзені | жағажай | Әлия ауылы |
54 | Қобда өзені | жағажай | Жарық ауылдық округі |
55 | Қобда өзені | жағажай | Қызылжар ауылдық округі |
56 | Қобда өзені | жағажай | Жиренқопа ауылдық округі |
Хромтау ауданы | |||
57 | Қызылсу су қоймасы | жағажай | Қызылсу ауылдық округі |
58 | Жарлыбұтақ су қоймасы | жағажай | Абай ауылдық округі |
59 | Ор өзені | жағажай | Бөгетсай ауылдық округі |
60 | Ор өзені | жағажай | Көктау ауылдық округі |
61 | Ор өзені | жағажай | Құдықсай ауылдық округі |
62 | Ор өзені | жағажай | Қопа ауылдық округі |
63 | Ор өзені | жағажай | Хромтау қаласы |
Шалқар ауданы | |||
64 | Шалқар көлі | жағажай | Шалқар қаласының шекарасында |