"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1 және 2-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты | Е. Саденов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 28 мамыр № 392 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекеттерін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 171 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16811 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын пилотсыз ұшу аппараттарын жоюдың техникалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19903 болып тіркелген);
3) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамасыз етумен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22467 болып тіркелген).