"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 27-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 маусымдағы қорытындысының негізінде, Ақтөбе қаласының тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қаласының құрамдас бөліктеріне мынадай атаулар берілсін:
1) "Алматы" ауданы бойынша:
Атауы жоқ көшеге Мұқас Тұрмұхамбетов көшесі;
Атауы жоқ көшеге Нұрмұхан Кенжебаев көшесі;
Атауы жоқ көшеге Асанғали Шыңбаев көшесі;
Атауы жоқ көшеге Бақи Шанов көшесі;
Атауы жоқ көшеге Бисембі Нұрлыбаев көшесі;
Атауы жоқ көшеге Шәкір Төлемісов көшесі;
Атауы жоқ көшеге Балмұхамбет Мурзалин көшесі;
Атауы жоқ көшеге Алтынтөбе көшесі;
Атауы жоқ көшеге Әбдуәли Қайдар көшесі;
Атауы жоқ көшеге Домалақ ана көшесі;
Атауы жоқ көшеге Қасым Қайсенов көшесі;
Атауы жоқ көшеге Бәйгеторы көшесі.
2) "Астана" ауданы бойынша:
Атауы жоқ көшеге Іскендір Сәрсенбаев көшесі;
Атауы жоқ көшеге Аймұханбет Құттымұратов көшесі;
Атауы жоқ көшеге Салмағанбет Күзденбаев көшесі;
Атауы жоқ көшеге Назарбай Сүндетбаев көшесі;
Атауы жоқ көшеге Талдық көшесі;
Атауы жоқ көшеге Оймауыт көшесі;
Атауы жоқ көшеге Әнуар Әлімжанов көшесі;
Атауы жоқ көшеге Иран Әміров көшесі;
Атауы жоқ көшеге Сарыжар көшесі.
2. Осы бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. Суентаева |