Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 және 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығымен бекітілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды сыныптау қағидаларына, сондай-ақ Қосшы қаласы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №3, 2025 жылғы 15 мамырдағы №4, 2025 жылғы 2 маусымдағы №7, 2025 жылғы 16 маусымдағы №8 кезектен тыс отырыстарының хаттамаларына сәйкес, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосшы қаласы халқының тыныс-тіршілігінің бұзылу қаупіне әкеп соғуы мүмкін тазарту құрылыстары мен қалалық коммуналдық желілер кешенінде тіршілікті қамтамасыз етудің коммуникациялық жүйелерінде авариялық жағдайдың туындау қаупіне байланысты, Қосшы қаласының тазарту құрылыстары кешенінде және қалалық су бұру желілерінде (Ақмола облысы Қосшы қаласының 016 есептік орамы, 9131 учаскесі мекенжайы бойынша) орналасқан нысанда объектілік ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Қосшы қаласында өрт оқиғаларының жиілеп кетуіне және тұрғындардың өмір сүру қауіпсіздігіне қатер төнуіне байланысты, 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы құрылысы жүріп жатқан нысанда (Ақмола облысы, Қосшы қаласы, 016 есептік квартал, 8190-учаскесі мекенжайы бойынша) орналасқан нысанда объектілік ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын. Аталған кешеннің құрылысын 2025 жылдың соңына дейін аяқтау мақсатында осы шешім қабылдансын.
3. Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Н.А.Садыров төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзімде қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А.Қапышев |