Қазақстан Республикасыныңың Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сандықтау аудандық мәслихатының төрайымы | Г.Мустафина |
| Сандықтау аудандық мәслихаттының 2025 жылғы 30 қыркүйек № 24/2 шешіміне қосымша |
Сандықтау ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы және жайлы емес үйлер | айына 1 тұрғынға | 428,00 |
Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф | 1 текше метр | 1900,00 |