Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік Қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (тіркелген № 32987 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде), Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекітілсін.
2. "Зеренді ауданының жұмыспен қамту және алеуметтік бағдармалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Е.Қ.Дәукеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Ә.Құрмангожин |
| Зеренді ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № А-11/594 қаулысына қосымша |
Бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
№ | Мекемелердің түрлері | Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге) |
1. | Үйде қызмет көрсету | 3144 |