Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 32987 болып тіркелген), Жақсы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифін бекітілсін.
2. "Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы қаулы бойынша туындайтын тиісті шаралар қабылдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жақсы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Қадыралина
Жақсы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "03" қыркүйектегі № а-8/230 қаулысына қосымша |
1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифі
№ | Мекемелердің түрлері |
Күніне |
1 | 2 | 3 |
1. | Үйде қызмет көрсету | 3599,52 |