"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесі айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бұланды аудандық мәслихатының төрағасы | Н.Сексенов |
| Бұланды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 8С-34/13 шешіміне қосымша |
Бұланды ауданында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін айқындау туралы
1. Бұланды ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
1) Қарыз сомасының 10%, бірақ мемлекеттік қолдау шарасы түрінде 1,5 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды.
2. Бұланды ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
1) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
2) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
3) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
4) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
5) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
6) Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары.