"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 10-тармағына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 14 қарашадағы № 1319 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35387 болып тіркелген) бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемелері әуежай қызметі саласында көрсететін ақылы қызметтерге тарифтік смета бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
Р. Жақсылықов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 639 бұйрығымен бекітілген |
53898 әскери бөлімі Балқаш қаласының әуеайлағында әуе кемесінің ұшып көтерілуін және қонуын қамтамасыз ету бойынша тарифтік смета
Р/с | Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | Уәкілетті орган қабылдады |
I | Тауарды өндіруге және көрсетілетін қызметті ұсынуға шығын, барлығы, оның ішінде: | мың теңге | 74 354,1 |
1 | Материалдық шығын, барлығы | мың теңге | 74 354,1 |
оның ішінде: | |||
1.1 | Әуеайлақты жөндеу үшін шикізат пен материал | мың теңге | 25 676,0 |
1.2 | Отын | мың теңге | 15 912,0 |
1.3 | Жылына ұшып көтерілуге және қонуға әуе кемелерінің массасы | тонна | 170 390,0 |
1.4 | Әуеайлаққа амортизация | мың теңге | 1 357 264,1/50 жыл= 27 145,3 |
1.5 | Орнитологиялық шығыс | мың теңге | 5 087,5 |
1.6 | Орнитологиялық аспапқа амортизация | мың теңге | 533,3 |
I | Шығынның барлығы | мың теңге | 74 354,1 |
II | Көрсетілетін қызметтің көлемі | тонна | 170 390,0 |
III | Қосылған құн салығынсыз тариф | теңге/ тонна | 436,38 |
21751 әскери бөлімі Талдықорған қаласының әуеайлағында әуе кемесінің ұшып көтерілуін және қонуын қамтамасыз ету бойынша тарифтік смета
Р/с | Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | Уәкілетті орган қабылдады |
I | Тауарды өндіруге және көрсетілетін қызметті ұсынуға шығын, барлығы, оның ішінде: | мың теңге | 198 853,4 |
1 | Материалдық шығын, барлығы | мың теңге | 198 853,4 |
оның ішінде: | |||
1.1 | Әуеайлақты жөндеу үшін шикізат пен материал | мың теңге | 51 822,0 |
1.2 | Отын | мың теңге | 18 317,9 |
1.3 | Жылына ұшып көтерілуге және қонуға әуе кемелерінің массасы | тонна | 433 390 |
1.4 | Әуеайлаққа амортизация | мың теңге | 6 128 315,8/50 жыл = 122 566,3 |
1.5 | Орнитологиялық шығыс | мың теңге | 5 370,7 |
1.6 | Орнитологиялық аспапқа амортизация | мың теңге | 776,5 |
I | Шығынның барлығы | мың теңге | 198 853,4 |
II | Көрсетілетін қызметтің көлемі | тонна | 433 390 |
III | Қосылған құн салығынсыз тариф | теңге/ тонна | 458,83 |
55652 әскери бөлімі Шымкент қаласының әуеайлағында әуе кемесінің ұшып көтерілуін және қонуын қамтамасыз ету бойынша тарифтік смета
Р/с | Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | Уәкілетті орган қабылдады |
I | Тауарды өндіруге және көрсетілетін қызметті ұсынуға шығын, барлығы, оның ішінде: | мың теңге | 130 841,1 |
1 | Материалдық шығын, барлығы | мың теңге | 130 841,1 |
оның ішінде: | |||
1.1 | Әуеайлақты жөндеу үшін шикізат пен материал | мың теңге | 58 467,0 |
1.2 | Отын | мың теңге | 5 155,6 |
1.3 | Жылына ұшып көтерілуге және қонуға әуе кемелерінің массасы | тонна | 282 975 |
1.4 | Әуеайлаққа амортизация | мың теңге | =3 112 139,4/50 лет= 62 242,8 |
1.5 | Орнитологиялық шығыс | мың теңге | 4 585,2 |
1.6 | Орнитологиялық аспапқа амортизация | мың теңге | 390,5 |
I | Шығынның барлығы | мың теңге | 130 841,1 |
II | Көрсетілетін қызметтің көлемі | тонна | 282 975 |
III | Қосылған құн салығынсыз тариф | теңге/ тонна | 462,38 |