БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 395 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32455 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әскери полиция органы әскери бөлімде (мекемеде) әскери қызмет өткеру және жұмыс істеу ерекшелігін ескеріп, қауіпсіздік шараларын:
1) әскери қызметшілерге;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің (мекемелерінің) азаматтық персонал адамдарына қатысты қолданады.".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) тармақшасының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
Р. Жақсылықов |