"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылдың екінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осықаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | C. Шәпкенов |
| Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 91 қаулысына қосымша |
|
| Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 91 қаулысымен бекітілген |
2024 жылдың екінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
№ п/п | Тауаратауы | Бағасы, теңге |
1 | Бірінші сортты бидай ұны, килограмм | 288 |
2 | Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм | 279 |
3 | Рожки (өлшеніпсалынатын), килограмм | 543 |
4 | Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), килограмм | 558 |
5 | Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм | 771 |
6 | Картоп, килограмм | 212 |
7 | Асханалық сәбіз, килограмм | 229 |
8 | Басты пияз, килограмм | 168 |
9 | Аққауданды қырыққабат, килограмм | 240 |
10 | Аққант - құмшекер, килограмм | 584 |
11 | Күнбағыс майы, литр | 883 |
12 | Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), килограмм | 3085 |
13 | Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), килограмм | 1546 |
14 | Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), килограмм | 5141 |
15 | Тауық жұмыртқасы (I санатты), ондық | 705 |
16 | Ас тұзы ("Экстра" - дан басқа), килограмм | 104 |
17 | Сүзбе: майлылығы 5 – 9%, килограмм | 1948 |