Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Уәлиханов ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы | М.Абдулов |
| Уәлиханов аудандық мәслихатының | |
| 2024 жылғы 14 ақпандағы | |
| № 9-14 с шешіміне қосымша |
Уәлиханов ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік |
Теңге |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 357,63 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 371,94 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 5722,06 |