"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, "Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекеменің қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 бұйрығына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқару жөніндегі уәкілетті орган болып "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
3. Қоса беріліп отырған "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы бекітілсін.
4. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі | А. Жаныспаев |
Жітіқара ауданы әкімдігінің | |
2024 жылғы "02" желтоқсандағы | |
№ 294 қаулысымен | |
бекітілген |
"Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Орталық Жітіқара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 02 желтоқсандағы № 294 "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысы негізінде құрылды.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 22.07.2025 № 187 қаулысымен (қабылданған сәтінен бастап күшіне енеді).3. Орталықтың құрылтайшысы Жітіқара ауданының әкімдігі болып табылады.
4. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік басқару органы) Орталықты басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады.
Ескерту. 4-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 22.07.2025 № 187 қаулысымен (қабылданған сәтінен бастап күшіне енеді).5. Орталықтың атауы: "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
6. Орталықтың орналасқан жері: индексі 110 700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Досқали Асымбаев көшесі, 51.
2. Орталықтың заңды мәртебесі
7. Орталықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы бар бланкілері, мөрі болады.
8. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
9. Орталық өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
10. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
3. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары
11. Орталық қызметінің мәні өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.
12. Орталық қызметінің мақсаты бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж жалғызбасты қарт еңбекке жарамсыз адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға және туындаған әлеуметтік мәселелерді еңсеру үшін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға (құрбандарға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысу мүмкіндіктерін беру болып табылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 22.07.2025 № 187 қаулысымен (қабылданған сәтінен бастап күшіне енеді).13. Орталық өз мақсатына қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) тәуліктің күндізгі уақытында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету:
психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі - балалар);
тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар);
2) тәуліктің күндізгі уақытында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету:
балаларға;
ТҚА бұзылған балаларға;
психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі - он сегіз жастан асқан адамдар);
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға тұрғылықты жері бойынша;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету:
тұрмыстық зорлық-зомбылық нәтижесінде моральдық, дене және (немесе) мүліктік келтірілген тұрмыстық зорлық-зомбылық адамдарына (құрбандарына).
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 22.07.2025 № 187 қаулысымен (қабылданған сәтінен бастап күшіне енеді).14. Орталықтың осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқығы жоқ.
15. Орталық Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: мемлекеттік басқару органының, жергілікті атқарушы органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4. Орталықты басқару
16. Орталықты жалпы басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
17. Жергілікті атқарушы орган:
1) Орталыққа мүлікті бекітіп береді;
2) Орталықты қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3) Орталық мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) Орталықтың жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5) Орталықтың басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, Орталықтың шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
6) Орталық басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
7) Орталықтың құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
8) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Орталыққа берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;
10) уәкілетті органмен келісу бойынша Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
11) өзіне осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 22.07.2025 № 187 қаулысымен (қабылданған сәтінен бастап күшіне енеді).18. Орталық басшысын мемлекеттік басқару органы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Басшы Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік басқару органына тікелей бағынады және Орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
20. Орталық басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес орталық қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.
21. Орталық басшысының Орталықтың жарғылық емес қызметін жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 22.07.2025 № 187 қаулысымен (қабылданған сәтінен бастап күшіне енеді).22. Орталықтың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) Орталықтың мүдделерін мемлекеттік, өзге де ұйымдарда білдіреді;
3) шарттар жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) Орталықтың іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) Орталықтың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) Орталық қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу шараларын қолданады және оларға тәртіптік жазалар қолданады.
10) өз орынбасары мен Орталық қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктері аясын айқындайды;
11) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Жарғымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 22.07.2025 № 187 қаулысымен (қабылданған сәтінен бастап күшіне енеді).5. Орталық мүлкінің құрылу тәртібі
23. Орталықтың мүлкін құны оның балансында айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Орталықтың мүлкі:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құрылады.
24. Орталықтың өзіне бекітілген мүлікті және смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Орталықтың қызметі жергілікті (аудандық) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
26. Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
27. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Орталықтағы жұмыс тәртібі
28. Орталықтың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
29. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарында тіркеу рәсімінен өтеді.
8. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
30. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
31. Мемлекеттік заңды тұлға заң актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.
32. Орталықты қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
33. Таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
34. Таратылған Орталықтың ақшасы, осы заңды тұлғаның мүлкін сату нәтижесінде алынған, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.