Жетісу облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 422 қаулысы.

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, "Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 202505 болып тіркелген) Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жетісу облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Исабаев

  Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы "___"___________ №_________қаулысына қосымша

Жетісу облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

      1. Жетісу облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, "Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығына сәйкес әзірленді және Жетісу облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Жетісу облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;

      Bn – газетте орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

      V – газетте орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;

      Bm – журналда орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;

      V – журналда орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;

      V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.

      5. Телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны;

      Btv – телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

      V – телевидениеде орналастырылатын, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі

      Егер өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевидениеде көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевидениеде көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

      6. Радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны;

      Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;

      V – радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

  Жетісу облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесіне қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жетісу облысы әкімдігінің 24.06.2025 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Жетісу облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағалары

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

2024 жыл
(теңге)

2025 жыл (теңге)

Айырмашылығы
(- теңге)

1.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn)

шаршы см

400

400

0

2.

Жетісу облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn)

шаршы см

97

97

0

3.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bm)

шаршы см

184

184

0

4.

Республикалық маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вi)

таңба

142

90

52

5.

Өңірлік маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вi)

таңба

38

38

0

6.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Btv)

минут

375 000

350 000

25 000

7.

Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Жетісу облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Btv)

минут

10685

10685

0

8.

Жетісу облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)

минут

15 000

15 000

0

9.

Жетісу облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (аудиороликті дайындау және орналастыру) (Br)

секунд

570

570

0

Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории области Жетісу

Постановление акимата области Жетісу от 26 декабря 2024 года № 422.

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О масс-медиа", приказом исполняющего обязанности Министра культуры и информации Республики Казахстан от 6 ноября 2024 года № 525-НҚ "Об утверждении Типовой методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на региональном уровне" (Зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 202505), акимат области Жетісу ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить методику определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории области Жетісу согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области Жетісу.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Б. Исабаев

  Приложение к постановлению акимата области Жетісу от "____" ___________ 2024 года № ________

Методика определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории области Жетісу

      1. Настоящая методика определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории области Жетісу (далее – Методика), разработана в соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О масс-медиа" , приказом исполняющего обязанности Министра культуры и информации Республики Казахстан от 6 ноября 2024 года № 525-НҚ "Об утверждении Типовой методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на региональном уровне" (Зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 202505) и устанавливает алгоритм определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории области Жетісу.

      2. Стоимость услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории области Жетісу (далее – услуга), определяется в зависимости от базовых цен на услуги, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации за счет средств местного бюджета для каждого отдельного вида услуги средств массовой информации согласно приложению к настоящей Методике.

      3. Стоимость услуги в периодических печатных изданиях определяется по формуле:

      1) для газет по формуле Pn=Bn x V x Kq, где:

      Pn (price) – стоимость услуги в газетах с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bn – базовая цена за один см2 услуги, размещаемой в газете;

      V – объем услуги, размещаемой в газете, исчисляемой в см2;

      Kq – поправочный коэффициент на тираж газеты:

      до 200 000 экземпляров – 1,3;

      до 100 000 экземпляров – 1,15;

      до 50 000 экземпляров – 1;

      до 30 000 экземпляров – 0,9;

      до 20 000 экземпляров – 0,8;

      до 10 000 экземпляров – 0,65;

      до 5 000 экземпляров – 0,5;

      2) для журналов по формуле Pm=Bm x V x Kq, где:

      Pm (price) – стоимость услуги в журналах с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bm – базовая цена за один см2 услуги, размещаемой в журнале;

      V – объем услуги, размещаемой в журнале, исчисляемой в см2;

      Kq – поправочный коэффициент на тираж журнала:

      до 15 000 экземпляров – 1,2;

      до 10 000 экземпляров – 1,1;

      до 8 000 экземпляров – 1;

      до 5 000 экземпляров – 0,9;

      до 3 000 экземпляров – 0,8;

      до 1 000 экземпляров – 0,7.

      4. Стоимость услуги в интернет-ресурсе определяется по формуле Pi=Bi x V x Kq, где:

      Pi (price) – стоимость услуги в интернет-ресурсе с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bi – базовая цена за один символ, секунду, минуту, штуку услуги, размещаемой в интернет-ресурсе;

      V – объем услуги, размещаемой в интернет-ресурсе, исчисляемой в символах, секундах, минутах, штуках;

      Kq – поправочный коэффициент для учета среднемесячного количества посещений интернет-ресурса уникальными пользователями:

      до 500 000 посетителей в месяц – 1;

      до 1 000 000 посетителей в месяц – 1,1;

      до 2 000 000 посетителей в месяц – 1,2;

      до 5 000 000 посетителей в месяц – 1,3;

      свыше 5 000 000 посетителей в месяц – 1,4.

      5. Стоимость услуги на телевидении определяется по формуле Ptv=Btv x V, где:

      Ptv (price) – стоимость услуги на телевидении с учетом налога на добавленную стоимость;

      Btv – базовая цена за одну секунду, минуту, серию услуги, размещаемой на телевидении;

      V – объем услуги, размещаемой на телевидении, исчисляемой в секундах, минутах, сериях.

      В случае если при формировании государственного заказа по проведению государственной информационной политики на региональном уровне не учитываются разделения по жанрам услуг на телевидении, то стоимость услуг на телевидении рассчитывается по базовой цене (Btv).

      6. Стоимость услуги на радиоканале определяется по формуле Pr=Br x V, где:

      Pr (price) – стоимость услуги на радиоканале с учетом налога на добавленную стоимость;

      Br – базовая цена за одну секунду, минуту услуги, размещаемой на радиоканале;

      V – объем услуги, размещаемой на радиоканале, исчисляемый в секундах, минутах.

  Приложение к методике определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории области Жетісу

      Сноска. Приложение в редакции постановление акимата области Жетісу от 24.06.2025 № 193 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Базовые цены на услуги, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории области Жетісу

Наименование услуги

Единица измерения

2024 год
(тенге)

2025 год
(тенге)

Разница
(- тенге)

1.

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) в периодических печатных изданиях (газета), распространяемых на территории Республики Казахстан (Вn)

квадратный см

400

400

0

2.

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) в периодических печатных изданиях (газета), распространяемых на территории области Жетісу (Вn)

квадратный см

97

97

0

3.

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) в периодических печатных изданиях (журнал), распространяемых на территории Республики Казахстан (Bm)

квадратный см

184

184

0

4.

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) в интернет-ресурсе, освещающего вопросы республиканского значения (Вi)

символ

142

90

52

5.

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) в интернет-ресурсе, освещающего вопросы регионального значения (Вi)

символ

38

38

0

6.

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) на телевидении, включенных в обязательный перечень теле-, радиоканалов, распространяемых на территории Республики Казахстан (Btv)

минута

375 000

350 000

25 000

7.

Услуга (изготовление и размещение информационных материалов) на телевидении, входящих в перечень теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории области Жетісу, за исключением каналов, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов (Btv)

минута

10 685

10 685

0

8.

Услуга (изготовление и размещение информационных программ) на радиоканале, распространяемых на территории области Жетісу (Br)

минута

15 000

15 000

0

9.

Услуга (изготовление и размещение аудиороликов) на радиоканале, распространяемых на территории области Жетісу (Br)

секунда

570

570

0