"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 7-8 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы" шешімі жойылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы | С.Баумағанбетов |