Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 25.09.2025 № 234 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | О. Баймаганбетов |
| Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы "21" желтоқсан № 87 шешіміне қосымша |
Осы Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024 - 2025 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі – жоспар) "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 бұйрығына, "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті жол берілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Саран қаласының жер қоры 16104 га құрайды, оның 2867,4 гектары - ауыл шаруашылығы алқаптарының жерлері, оның ішінде жайылымдар 2401,4 гектарды құрайды.
Мал жартылай қорада ұсталады. Жайылым кезеңі сәуір айының соңы – мамыр айының басында басталып, қазан айының соңы – қараша айының басында аяқталады. Қыста мал қорада ұсталады. Қорада ұстау кезеңіне жем- шөп ішінара табиғи шабындықтардан, түбегейлі жақсартылған учаскелерден дайындалады.
Жоспар келесілерден тұрады:
1) осы жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасы);
2) осы жоспардың 2-қосымшаға сәйкес жайылым айналымдарының сызбалары;
3) осы жоспардың 3-қосымшасына сәйкес жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары белгіленген карта;
4) осы жоспардың 4-қосымшасына сәйкес су тұтыну нормасына сәйкес жасалған жайылым пайдаланушылардың су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы;
5) осы жоспардың 5-қосымшасына сәйкес жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы;
6) осы жоспардың 6-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі.
| Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспарға 1-қосымша |
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

| Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспарға 2-қосымша |
Жайылым айналымдарының схемалары

| Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспарға 3-қосымша |
Жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары белгіленген карта

| Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспарға 4-қосымша |
Су тұтыну нормасына сәйкес жасалған жайылым пайдаланушылардың су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

| Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспарға 5-қосымша |
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

| Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспарға 6-қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю мен көшірудің маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте
№ | Елді мекен | Маусымның басталуы | Маусымның аяқталуы |
1 | Саран қаласы және Ақтас кенті | сәуір айының соңы – мамыр айының басы | қазан айының соңы – қараша айының басы |




