"Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 188 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Х. Нарымбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы А. Утегулов

  2022 жылғы "26" тамыздағы №188
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 04.07.2025 № 145 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың көші-қоны, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың мынадай ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:

      1) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Круглоозерное арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Шапағат" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Тасқала арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Бөрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7) "Батыс Қазақстан облысыжұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Бәйтерек арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ақжайық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      10) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ақсай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      11) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      12) "Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      13) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Еңбек мобильділігі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      14) "Ақжайық" мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2 үй.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, оның дамуына жәрдемдесу;

      2) аз қамтылған отбасыларды, жұмыссыз азаматтарды, ардагерлерді, мүгедектігі бар адамдар мен басқа топтағы мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру;

      3) қолданыстағы заңнамада көзделген жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша азаматтардың құқықтарын, мүдделерін, мемлекеттік кепілдіктерін қорғау;

      4) әлеуметтік қорғау, соның ішінде мүгедектігі бар адамдар оңалту, қоғаммен етене араластыру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру;

      7) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және жүргізу.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан өзінің функцияларын орындау үшін ақпаратты, қажетті құжаттарды сұрату және алу;

      Басқарма қызметінің мәселелері бойынша ақпараттық-таныстыру іс-шараларын, сондай-ақ кеңестер ұйымдастыру және өткізу;

      Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсіндірмелер беру;

      жұмыспен қамту саласында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты реттеу;

      Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды шешу үшін, Басқарманың және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша облыс әкіміне, облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына ұсыныстар енгізу.

      2) міндеттері:

      Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты мекемелері қызметінің ұйымдастырылуына мониторигті жүзеге асыру;

      Басқарманың бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және түзету;

      Басқарма және ведомстволық бағынысты мекемелері үшін, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, өткізу және талдау;

      өз құзыреті шегінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер бойынша деректер базаларын сүйемелдеу;

      Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау;

      мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну.

      15. Функциялары:

      1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асырады;

      2) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

      3) кәсіпкерлік бастамашылықты дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдауды жүзеге асырады;

      4) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      5) ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;

      6) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;

      7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;

      8) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаны орындау бойынша мониторингті жүзеге асырады;

      9) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындауды жүзеге асырады;

      10) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

      11) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

      12) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, өз аумағы және (немесе) басқа да әкiмшiлiк-аумақтық бірліктер шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттарды бередi немесе ұзартады, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;

      13) этникалық қазақтардан қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;

      14) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;

      15) этникалық қазақтардан қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;

      16) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды және қандас куәлігін береді;

      17) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;

      18) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама береді;

      19 өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады;

      20) пана іздеген адамның куәлігін береді;

      21) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады;

      22) босқын куәлігін береді;

      23) пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімдерін қалыптастырады және ай сайын уәкілетті органға, ұлттық қауіпсіздік органдарына және ішкі істер органдарына жібереді;

      24) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияларды құрады;

      25) пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      26) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.

      27) 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ "Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес тиiстi аумақта медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтудың орындалуын ұйымдастырады;

      28) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторий-курорттық емделуiн үйлестіреді;

      29) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      30) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшілік және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

      31) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiредi;

      32) аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

      33) тұрғын үй көмегін көрсетуді үйлестіреді;

      34) мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

      35) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша өмірлік қиын жағдайдағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары мен атаулы күндер және мереке күндеріне азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектерді көрсетуді үйлестіреді;

      36) алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшеріне келісім береді;

      37) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      38) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құру жөніндегі шараларды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

      39) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін қамтамасыз етеді;

      40) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;

      41) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      42) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;

      43) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлейді және жергілікті өкілді органдарының бекітуіне ұсынады;

      44) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;

      45) Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияны құрады және оның қызметін ұйымдастырады;

      46) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №280 бұйрығымен бекітілген Қағидалар қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Құтты мекен" АЖ арқылы немесе өтініш беруші қолма-қол келгеннен кейін "Ата жолы" картасын ұсынады;

      47) "Отбасын қолдау орталықтарының" жұмысын үйлестіру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады, оларға тәртіптік жаза қолданады;

      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық қарым-қатынастарды Басқарманың атынан жасайды;

      7) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалардың және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;

      8) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты атқарылуын бақылайды;

      9) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша есеп материалдарын дайындау жұмыстарын бақылайды;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

      11) басқармадағы гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағытта дербес жауапты болады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 26 августа 2022 года № 188.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Управление координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области".

      2. Государственному учреждению "Управление координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить принятие иных мер вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно-Казахстанской области Б.Х.Нарымбетова.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности Акима области А. Утегулов

  Утверждено
постановлением акимата
Западно-Казахстанской области
от "26" августа 2022 года № 188

Положение о государственном учреждении "Управление координации занятости социальных программ Западно-Казахстанской области"

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Положение - в редакции постановления акимата Западно-Казахстанской области от 04.07.2025 № 145 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      1. Государственное учреждение "Управление координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области" (далее - Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах миграции населения, занятости и социальной защиты населения в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      2. Управление имеет подведомственные организации:

      1) Коммунальное государственное учреждение "Уральский центр оказания специальных социальных услуг Управления координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области";

      2) Коммунальное государственное учреждение "Круглоозерновский центр оказания специальных социальных услуг Управления координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области";

      3) Коммунальное государственное учреждение "Кушумский центр оказания специальных социальных услуг Управления координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области";

      4) Коммунальное государственное учреждение "Центр оказания специальных социальных услуг "Шапағат" Управления координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области";

      5) Коммунальное государственное учреждение "Таскалинский центр оказания специальных социальных услуг Управления координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области";

      6) Коммунальное государственное учреждение "Бурлинский центр оказания специальных социальных услуг Управления координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области";

      7) Коммунальное государственное учреждение "Байтерекский центр оказания специальных социальных услуг Управления координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области";

      8) Коммунальное государственное учреждение "Жалпакталский центр оказания специальных социальных услуг Управления координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области";

      9) Коммунальное государственное учреждение "Акжаикский центр оказания специальных социальных услуг Управления координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области";

      10) Коммунальное государственное учреждение "Аксайский центр оказания специальных социальных услуг Управления координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области";

      11) Коммунальное государственное учреждение "Казталовский центр оказания специальных социальных услуг Управления координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области";

      12) Коммунальное государственное учреждение "Дарьинский центр оказания специальных социальных услуг Управления координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области";

      13) Коммунальное государственное учреждение "Центр трудовой мобильности" управления координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области;

      14) Коммунальное государственное учреждение "центр абилитации и реабилитации лиц с инвалидностью" Акжайык" управления координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области".

      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением государственного герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, счета в органах казначейства.

      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Управление в соответствии с законодательством Республики Казахстан имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства.

      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: 090000, Западно-Казахстанская область, город Уральск, улица Сарайшык, дом 44/2.

      10. Настоящее положение является учредительным документом Управления.

      11. Финансирование деятельности Управления осуществляется из средств местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющиеся полномочиями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять деятельность приносящий доход, то доход, полученный от такой деятельности, направляется в доход государственного бюджета, если иное не предусмотрено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) реализация государственной политики занятости и социальной защиты населения, содействие ее развитию;

      2) организация социальной поддержки малообеспеченных семей, безработных граждан, ветеранов, лиц с инвалидностью и других отдельных категорий нуждающихся граждан;

      3) защита прав граждан, их интересов, государственных гарантий, предусмотренных действующим законодательством по вопросам занятости и социальной защиты;

      4) реализация государственной политики в сфере социальной защиты, в том числе реабилитации лиц с инвалидностью, интеграции лиц с инвалидностью в общество;

      5) реализация государственной политики в сфере предоставления специальных социальных услуг;

      6) осуществление иных задач, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      7) обеспечение и проведение в пределах своей компетенции государственной политики в области миграции населения.

      14. Полномочия:

      1) Права:

      запрашивать и получать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций и граждан информации, необходимые документы для выполнения своих функций;

      организовывать и проводить информационно-презентационные мероприятия, а также совещания по вопросам деятельности Управления;

      предоставлять юридическим и физическим лицам разъяснения по вопросам, отнесенным к компетенции Управления;

      вносить предложения по совершенствованию действующего законодательства в сфере занятости, регулирования государственной политики в сфере миграции и социальной защиты населения;

      внесение предложений акиму области, курирующему заместителю акима области по вопросам совершенствования деятельности Управления, его подведомственных организаций для решения возложенных задач и функций.

      2) Обязанности:

      взаимодействовать с государственными органами и иными организациями по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      осуществлять мониторинг за организацией деятельности подведомственных учреждений по вопросам, отнесҰнным к компетенции Управления;

      разработка и корректировка бюджетных программ Управления;

      организация, проведение и анализ государственных закупок товаров, работ и услуг для Управления и подведомственных учреждений;

      сопровождение баз данных по автоматизированным информационным системам, в пределах своей компетенции;

      проведение информационно-разъяснительной работы по вопросам, отнесҰнным к компетенции Управления;

      рассмотрение письменных и устных обращений физических и юридических лиц по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      качественное предоставления государственных услуг.

      15. Функции:

      1) осуществляет проведение мероприятий, обеспечивающих содействие занятости населения;

      2) осуществляет координацию местных органов по вопросам занятости населения и методического руководства ими;

      3) осуществляет поддержку создания рабочих мест через развитие предпринимательской инициативы;

      4) организует оказание социальной защиты безработным, лицам, ищущим работу;

      5) осуществляет мониторинг установления квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учҰта рабочих мест на тяжҰлых работах, работах с вредными, опасными условиями труда;

      6) осуществляет мониторинг установления квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учҰте службы пробации;

      7) осуществляет мониторинг установления квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы;

      8) осуществляет мониторинг установления квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования;

      9) осуществляет определение населҰнных пунктов для добровольного переселения лиц для повышения мобильности рабочей силы;

      10) реализуют в пределах своей компетенции государственную политику в области миграции населения;

      11) вносит в уполномоченный орган по вопросам миграции населения предложения по формированию квоты на привлечение иностранной рабочей силы;

      12) в пределах квоты, распределҰнной уполномоченным органом по вопросам миграции населения, выдает или продлевает работодателям разрешение на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности в пределах своей территории и (или) других административно-территориальных единиц, либо в рамках внутрикорпоративного перевода вне квоты, а также приостанавливает и отзывает указанные разрешения;

      13) принимает заявления с приложением необходимых документов от этнических казахов на включение в региональную квоту приема кандасов;

      14) принимает решение о включении в региональную квоту приҰма кандасов;

      15) принимает заявление от этнических казахов на присвоение или продление статуса кандаса;

      16) принимает решение о присвоении или продлении статуса кандаса и выдает удостоверение кандаса;

      17) создает и организует деятельность центров адаптации и интеграции кандасов, центров временного размещения;

      18) выдает справку о соответствии квалификации для самостоятельного трудоустройства иностранным работникам;

      19) реализует в пределах своей компетенции государственную политику по вопросам беженцев;

      20) выдает свидетельство лица, ищущего убежище;

      21) осуществляет процедуры присвоения, продления, лишения и прекращения статуса беженца;

      22) выдает удостоверение беженца;

      23) формируют и ежемесячно направляют списки лиц, ищущих убежище, и беженцев в уполномоченный орган, органы национальной безопасности и органы внутренних дел;

      24) создает комиссии по осуществлению процедуры присвоения, продления, лишения и прекращения статуса беженца;

      25) обеспечивает соблюдение прав лиц, ищущих убежище, и беженцев;

      26) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.

      27) организует на соответствующей территории выполнение медицинской, социальной, профессиональной реабилитации в соответствии с Социальным кодексом Республики Казахстан от 20 апреля 2023 года № 224-VII ЗРК;

      28) координирует санаторно-курортное лечение лиц с инвалидностью и детей с инвалидностью в соответствии с индивидуальной программой реабилитации инвалида;

      29) организует обеспечение лиц с инвалидностью техническими вспомогательными (компенсаторными) средствами и (или) специальными средствами передвижения в соответствии с индивидуальной программой реабилитации лиц с инвалидностью;

      30) организует совместно с общественными объединениями лиц с инвалидностью культурно-массовые и просветительские мероприятия;

      31) координирует оказание социальной помощи лиц с инвалидностью;

      32) координирует оказание адресной социальной помощи малообеспеченным семьям;

      33) координирует оказание жилищной помощи;

      34) координирует оказание социальной помощи для возмещения затрат на обучение на дому детей с инвалидностью;

      35) координирует оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан, а также отдельным категориям граждан к праздничным дням и памятным датам по решениям местных представительных органов

      36) согласовывает размеры социальной помощи к праздничным дням и памятным датам для отдельно взятой категории получателей;

      37) осуществляет взаимодействие с физическими и юридическими лицами и государственными органами по вопросам предоставления специальных социальных услуг;

      38) обеспечивает создание и деятельность субъектов, предоставляющих специальные социальные услуги, находящихся в их ведении;

      39) обеспечивает предоставление субъектами, предоставляющими специальные социальные услуги, гарантированного объҰма специальных социальных услуг;

      40) обеспечивает проведение анализа потребностей населения в специальных социальных услугах;

      41) организует кадровое обеспечение субъектов, предоставляющих специальные социальные услуги, профессиональную подготовку, переподготовку и повышение квалификации социальных работников;

      42) принимает меры по развитию системы предоставления специальных социальных услуг;

      43) разрабатывает и представляет на утверждение местным представительным органам области перечень и порядок предоставления дополнительного объема специальных социальных услуг, предоставляемых сверх гарантированного объҰма специальных социальных услуг;

      44) осуществляет государственные закупки, а также размещает государственный социальный заказ по предоставлению специальных социальных услуг и услуг по оценке и определению потребности в специальных социальных услугах.

      45) создает и организует деятельность Комиссии по приему кандасов;

      46) предоставляет карту "Ата жолы" по форме согласно приложению к настоящим правилам приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 280 посредством ИС "Құтты мекен", либо после прибытия заявителя нарочно;

      47) координация работы "Центров поддержки семьи".

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство Управлением осуществляется первым руководителем управления, который несҰт персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Первый руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия первого руководителя Управления:

      1) определяет обязанности и круг полномочий работников Управления;

      2) назначает на должности и освобождает от должностей работников Управления, руководителей подведомственных организаций в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      3) в установленном законодательством порядке осуществляет поощрение, налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Управления;

      4) в пределах своей компетенции издаҰт приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;

      5) утверждает положения о структурных подразделениях Управления;

      6) представляет Управление во всех взаимоотношениях с государственными органами и иными организациями в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      7) контролирует ход исполнения нормативных правовых актов, программ и других документов по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      8) в установленном порядке решает вопросы финансово-экономической и хозяйственной деятельности, контролирует эффективное и целевое исполнение бюджетных средств;

      9) контролирует работу по подготовке отчҰтных материалов по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      10) ведҰт работу по противодействию коррупции и несҰт персональную ответственность за работу в этом направлении.

      11) проводит в управлении работу по вопросам гендерной политики и несҰт персональную ответственность в этом направлении.

      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного учреждения

      21. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Управления формируется за счҰт имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретҰнного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закреплҰнное за Управлением, относится к коммунальной собственности.

      23. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закреплҰнным за ним имуществом и имуществом, приобретҰнным за счҰт средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.